Май ауданы Баскөл ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы

2025 жылғы 16 қыркүйекте сағат 18.00-де Май ауданы Баскөл ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы  өзін-өзі  ұсыну тәртібімен 3 кандидат ұсынылды.

Орташа бәсекелестік – 3 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2025 жылғы 21 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Май аудандық аумақтық  сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
16 сентября 2025