Көктөбе ауылы 2025жылғы «22» қаңтар
сағат: 10-00
Жиналыстың төрағасы: Д.Калиакпаров
Күн тәртібі
2024 жылдың 12 айындағы "Май ауданы әкімі аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау.
" Май ауданы әкімі аппараты " ММ басшысы Д.Калиакпаров есепті ашып, "мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке тұлға және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізетінін түсіндірді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Мемлекеттік қызметтердің сапасы, қызмет есептілігі мен ашықтығы, қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша барлық қатысушыларға Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша таныстырды.
Май ауданы әкімі аппараты ММ мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті:
1) Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру
2) Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 27 желтоқсанға дейінгі кезеңде «Май ауданы әкімі аппараты» ММ 17 мемлекеттік қызмет көрсетілді, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ.
Талқылау кезінде қатысушыларға есепті талқылауды және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, көрсетуге қатысты бар мәселелер мен ұсыныстарын айтуды ұсынды.
Қызмет алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Талқылау қорытындысы бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында: