Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар 2025 жылғы 16 қыркүйектен (сайлау алдындағы үгітті жүргізу басталардан кемінде бес күн бұрын) кешіктірмей Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкімдігіне кандидаттардың үгіт материалдарын жариялау үшін эфир мен баспа алаңын («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағы) беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді жариялауға Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясына (эл.пошта tic_pav_kok@saylau.kz, мекенжайы: Көктөбе ауылы, Әйтеке би көшесі 12, «Аудандық оқушылар үйі» КМҚК ғимараты) ұсынуға тиіс.
Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 112-бабының 5-бөлігіне сәйкес сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау немесе эфир алаңын беру шарттары мен тәртібі бойынша сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталардан бес күн бұрын хабарламаған және жарияламаған, сондай-ақ Май аудандық сайлау комиссиясына төлем мөлшері туралы мәліметтерді ұсынбаған, – лауазымды адамдарға-отыз, заңды тұлғаларға-елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы