2024 жылдың 12 айы бойынша «Май ауданының жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізу туралы

 

2024 жылдың 12 айы бойынша

«Май ауданының жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті  жария талқылауды өткізу туралы

       № 1 хаттама

Көктөбе  ауылы                                                              2025 жылғы 20қаңтар

                                                                                             сағат: 15-00

 

         Жиналыстың төрағасы:   Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар      

                                                            бөлімінің басшысы    Ш. Қ. Қайырбек

        Қатысқандар :                       Мемлекеттік қызмет  көрсетуге жауапты                  

                                                                                  мамандар

 

Күн тәртібі

 

2024 жылдың 12 айындағы «Май ауданының жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау.

«Май ауданының жұмыспен қату және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ басшысы Ш. Қайырбек есепті ашып, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке тұлға және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізетінін түсіндірді.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Мемлекеттік қызметтердің сапасы, қызмет есептілігі мен ашықтығы,  қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процессін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша барлық қатысушыларды Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарымен таныстырылды.

2024 жылы  бөлім бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Қызмет алушылар тарапынан шағымдар түскен жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталмаған.

Қатысушыларға есепті талқылау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мәселелер мен ұсыныстарын айтуды ұсынды.

Қызмет алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

Талқылау қорытындысы бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында:

1.Әлеуметтік желілер арқылы мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттарды тарату;

  1. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде E-gov.kz арқылы жүргізу.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.

 

 

Бөлім басшысы                                                              Ш.Қайырбек

 

   Хатшының м.а.                                                            Р. Дюсенова

Дата публикации
17 июня 2025