2024 жылдың 12 айы бойынша «Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізу туралы

 

 

2024 жылдың 12 айы бойынша «Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізу туралы

 № 1 хаттама

 

 Саты ауылы                                                     2025 жылғы  23 қаңтар

Өткізу уақыты                                                            сағат 15.00.

Өткізу орны                                                          Әкімшілік

Төрағалық етті                                                   «Павлодар облысы Май ауданы                                                                       Саты  ауылдық округі әкімінің                                                              аппараты» ММ басшысы, ауыл әкімі                                                                        Ж.Қ.Гросс

Қатысқандар                                                     мемлекеттік қызмет көрсетуге

                                                                   жауапты маман, қызмет алушылар

                                                       

 

Күн тәртібі:

2024 жылдың 12 айы бойынша «Павлодар облысы Май ауданы  Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау.

         «Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысы, ауыл әкімі Ж.Гросс есепті жария талқылауды ашып, 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» № 88-V Заңын 23- бабының 6-тармағына  сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілер, мүдделі  жеке және заңды тұлғардың  қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылаулар өткізілетіндігі туралы түсіндірді.

         Қоғамдық талқылаулардың нәтижелері мемлекеттік қызмет көрсету  сапасын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жақсарту үшін  пайдаланылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы  қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін  салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс – шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған.  Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің  есептілігі  мен  ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

         Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  барлық қатысушыларды 2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Павлодар облысы Май ауданы  Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.

         2024 жылы сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді  талап  етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу- 0,

жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге  , елді мекен жерінде құрылыс жүргізу үшін жер телімін бөлу – 0,   мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы 0 мемлекеттік қызмет.

         Халыққа электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әкімшілік ғимаратының қабылдау бөлмесінде жеке бұрыш бөлінді,  жиһазбен және  компьютерлік  техникамен қамтылды. Жауапты маман бекітілді.

         2024 жылдың  12 айында қызмет алушылар тарапынан  шағымдар болған жоқ.

         Жария талқылаулардың соңында «Павлодар облысы Май ауданы Саты  ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ басшысы, ауыл әкімі

 Ж.Гросс қатысушыларға есепті талқылауды, мемлекеттік  қызмет көрсету сапасын  арттыруға және көрсетуге қатысты бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сөз сөйлеуді ұсынды.

         Қызмет алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.

         Жария талқылау қорытындысы бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету  сапасын арттыру мақсатында:

  1. Жер қатынастары саласында қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсету;
  2. Тұрақты негізде «Е- лицензиялау» дерекқорына мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің уақытылы енгізілуіне мониторинг жүргізу;
  3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша, сондай – ақ «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы көрсетілетін қызметті алушылармен  түсіндіру іс – шараларын  тұрақты негізде жүргізу»;
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін  уақытылы арттыру.

 

 

Саты  ауылдық округінің әкімі                              Ж.Гросс

 

  Хатшы                                                                       А.Омарбекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 мая 2025