2024 жылдың 12 айы бойынша "Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылауды өткізу туралы
№ 1 хаттама
|
Баскөл ауылы |
|
2025 жылғы 28 мамыр
|
|
Өткізу уақыты:
Өткізу орны: |
|
15-00 сағат
Баскөл әкімшілі
|
|
Төрағалық етті: |
|
"Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі Е.Аргинтаев |
|
|
|
|
|
Қатысқандар: |
|
мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты мамандар, қызмет алушылар. |
Күн тәртібі:
2024 жылдың 12 айындағы "Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті жария талқылау.
Ерболат Аргинтаев ауылдық округінің әкімі есепті жария талқылауды ашып, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері жылына кемінде бір рет көрсетілетін қызметті берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді қоғамдық талқылаулар өткізілетіндігі туралы түсіндірді.
Қоғамдық талқылаулардың нәтіжелері мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету стандартарын жақсарту үшін пайдаланылады. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша барлық қатысушыларды 2024 жылдың 12 айында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша "Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ жұмысы туралы ақпаратпен таныстырды.
2024 жылы сауда-саттықты (конкурстарды, ауциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу - 4, мемлекеттік қызмет көрсетілді. Барлығы 4 мемлекеттік қызмет.
Халыққа электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді көрсету мақсатында әкімшілік ғимаратының қабылдау бөлмесінде жеке бұрыш бөлінді, жиһазбен және компьютерлік техникамен қамтылды.
2024 жылдың 12 айында қызмет алушылар тарапынан шағымдар болмады. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылық болмады.
Жария талқылаулардың соңында "Павлодар облысы Май ауданы Баскөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ әкімі Е.Аргинтаев қатысушыларға есепті талқылауды, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға және көрсетуге қатысты бар мәселелер мен ұсыныстар туралы сөз сөйлеуді ұсынды.
Қызмет алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Жария талқылау қорытындысы бойынша және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында:
Баскөл ауылдық округінің әкімі Е. Аргинтаев
Хатшы Е. Куанышев