«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл - мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі»
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде қазіргі уақытта саяси дамуына қарамастан әлемнің барлық дерлік елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да бар.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық дамудың, нарықтық экономика құрудың, инвестициялар тартудың үрдісін тежейді.
Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына теріс әсер ете отырып, елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындалған.
Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев Жолдауларында тұрақты негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша маңызды аспектілерін, олардың бірі қоғамдық бақылауды күшейту болып табыладындығы атап өтіледі.
Қоғамдық бақылау органдарының құрылуы қоғамда әлеуметтік әділеттіліктің нормалары мен қағидаларын бұзатын жағымсыз құбылыстың таралуына байланысты ерекше өзектілікке ие болды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы әрекет етеді, оның мақсаты қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тұтас жүйесін көздейді.
Жүйе сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді, заң сараптамасын жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды, қаржылық бақылауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтын жолын анықтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндаманы қалыптастыру және жариялау.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларға жол бермеу мақсатында басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп семинарлар жүргізіледі.
«Қазақстан республикасы Ауыл Шаруашылық Министрлігі Агроөнеркәсіптік Кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Май аудандық аумақтық инспекциясы» ММ