Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

Сайланған әкімді тіркеу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық занының 14-бабының 9) тармақшасына, 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 15 қыркүйекте өткен Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылдық округінің әкімін сайлау жөніндегі учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2024 жылғы 18 қыркүйекте Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылдық округінің әкімін – Гросс Жұлдыз Қадылқызын тіркеді, 1974 жылы туған, «Саты ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, бас маман лауазымын атқарады, Павлодар облысы Май ауданы Саты ауылының тұрғыны.

Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 сентября 2024