2024 жылғы 20 тамызда сағат 18.00-де Май ауданы Саты ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды. Барлығы 4 үміткер ұсынылды. Барлық 4 үміткер өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды ( 100%).
Орташа бәсекелестік бір орынға 4 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау және кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Үміткерлерді тіркеу 2024 жылғы 25 тамызда сағат 18.00 - де аяқталады.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9 - тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат Май ауданы әкімі аппаратының интернет желісінде және аудандық "Шамшырақ" газетінде орналастырылатын болады.
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы