Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қауылның 1-9 қосымшаларына сәйкес Май ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау схемалары бекітілсін.
- Осы қаулының 10-қосымшасына сәйкес Май ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептеріне тасымалдау тәртібі бекітілсін.
- Май ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы «Май ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беру мектептеріне тасымалдау схемалары мен тәртібін бекіту туралы» №167/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5233 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4.Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.