Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, «Қазақстан Республикасының «Ардагерлер туралы» Заңының 17-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» № 523 қаулысына сәйкес осы Май аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.
Май аудандық мәслихатының «Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарудың 35 жылдығына орай Май ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешім жобасының мақсаты, халықа әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.
Шешім жобасы қаржылық шығындарды болжайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=1954225&type=2