Май ауданының «Май ауданы бойынша тұрғын үй көмегін берудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» мәслихатының шешім жобасына БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына,Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабына, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» № 117 бұйрығына сәйкес осы Май аудандық мәслихатының шешім жобасы әзірленді.

         Май аудандық мәслихатының «Май ауданы бойынша тұрғын үй көмегін берудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешім жобасының мақсаты, халықа әлеуметтік қолдау көрсету болып табылады.

         Шешім жобасы қаржылық шығындарды болжайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

 

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=1954225&type=2

Дата публикации
04 января 2024