2024-2026 жылдарға арналған Май ауданының Баскөл ауылдық округінің бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы                         1-тармағының 1)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының  «Агроөнеркәсіптік кешенді ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:                                                                                    

  1. 2024-2026 жылдарға арналған Баскөл ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 43847 мың теңге, соның ішінде:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                     

салықтық түсімдер – 5432 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 159 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – нөлге тең;

трансферттер түсімі – 38256 мың теңге;

2) шығындар – 43847 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең, соның ішінде:

          бюджеттік кредиттер – нөлге тең;

          бюджеттік кредиттерді өтеу – нөлге тең;

          4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;

    5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – нөлге тең.

2 . Баскөл ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін 2024 жылдарға арналған субвенция көлемі 36465 мың теңге сомасында ескерілсін.

  1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы                                              Аты жөні

 

Дата публикации
21 декабря 2023