Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- 2024-2026 жылдарға арналған Малайсары ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 47525 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3750 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 124 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – нөлге тең;
трансферттер түсімі – 43651 мың теңге;
2) шығындар – 47525 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – нөлге тең, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – нөлге тең;
бюджеттік кредиттерді өтеу – нөлге тең;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – нөлге тең;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – нөлге тең.
- Малайсары ауылдық округінің бюджетінде аудандық бюджеттен берілетін 2024 жылға арналған субвенция көлемі 41458 мың теңге сомасында ескерілсін.
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы Аты жөні