Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Май ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 8 мамырдағы «Май ауданының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайлар беру туралы» № 125/5 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6357 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Май ауданының
аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________М.Кишкеналина
2020 жылғы «__» ________