"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 - бабының 6-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 16 тамыздағы № 10 қаулысымен Май ауданы Майтүбек ауылы, Кеңтүбек, Қазан ауылдық округтерініңәкімдерінің сайлауы бойынша сайлау округінің Майтүбек ауылы, Кеңтүбек, Қазан ауылдық округтерінің әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекараларында құрылғаны туралы хабарлайды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен-жайы: Көктөбе а., Әйтеке би к-сі, 14, каб. 10, тел.: 91-213.