Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

Жоба

 

 

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің

және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

 

 

Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.
  2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Май аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

      Май аудандық мәслихатының төрағасы

 

Дата публикации
11 августа 2023