"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 - бабының 6-тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 21 маусымдағы № 07 қаулысымен Май ауданы Ақжар ауылы әкімінің сайлауы бойынша сайлау округінің Ақжар ауылының әкімшілік-аумақтық бірлігінің шекарасында құрылғаны туралы хабарлайды.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен-жайы: Көктөбе а., Әйтеке би к-сі, 14, каб. 10, тел.: 91-213.