Май ауданының жер қатынастары бөлімінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебінің талқылау қорытындысы

 

Май ауданының жер қатынастары бөлімінің 2022 жылғы

мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы

есебінің талқылау қорытындысы

 

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 23-бабына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен жылына кемінде бір рет мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерді жария талқылауды жүргізеді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жария талқылаулар өткізу жетекшілік ететін салада мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Жария талқылаулар көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің есептілігі мен ашықтығы, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.

 «Май ауданы жер қатынастары бөлімінің» ММ-сы 2022 жылы мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетті.

2022 жылы халыққа барлығы  508  мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту - 206;

2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру -34;.

3) Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру - 6;

4) Ауылшаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру - 7;

5) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 255.

Бөлімнің ғимаратының холында қажетті құжаттар тізбесі және оларды толтыру нысандарының үлгілері бар мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттық стенд орналастырылған.

Есепті кезеңде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар түскен жоқ. ҚР заңнамасында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында құқықтық қайшылықтар, сондай-ақ олқылықтар анықталған жоқ.

 

 

 

Дата публикации
02 июня 2023