«Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2022 жыл бойынша
мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі есебі
1) Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі мәлімет.
«Павлодар облысы Май ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Осы мемлекеттік органымен мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» № 88-V Заңын және мемлекеттік қызмет көрсету туралы бекітілген ережелерін басшылыққа алады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат:
«Май ауданы Қаратерекауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 1 түрі көрсетіледі.
2022 жыл қорытындысы бойынша 1, оның ішінде:
3) Басымырақ қажет етілген мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат.
2022 жылғы басымырақ қажет етілген мемлекеттік қызмет көрсету түрлері:
- «Мемлекет меншігінде, бірақ сауда-саттық (конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін жер телімінің құқына ие болу»;
1)Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен қызмет көздеріне қол жетімділікті қамтамасыз туралы мәліметтер.
Мемлекеттік қызметті алушыларды мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында, әкімдіктің ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетудің көрнекі ережелері орналастырылған стенд бар.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары ресми сайтында (www.gov.kz), Май ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы «Мемлекеттік қызмет» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты ережелеріне сілтеме жасалған.
2) Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі белгіленген заңға бағынысты нормативті құқықтық актілер жобасын жария түрде талқылау туралы ақпарат.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейтін заңға бағынысты нормативті құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдарының құзыретіне қарайды.
3) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс шаралар (түсініктеме жұмысы, семинар, кездесу, интервью тағы басқаралар).
«Май ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, электронды форматта мемлекеттік қызметті алудың тәртібі мен әдіс-тәсілдері туралы тұрғындарға ақпарат беру мақсатында тұрақты негізде жұмыс жүргізілуде.
Инстаграмм әлеуметтік желісінде 3 мақала жарияланды, сонымен қатар тұрғындарға тоқсан сайын ақпараттау брошюралар таратылады.
1) Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру және автоматтандырудың нәтижесі.
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына жауапты бас маман Н.Т.Майманова алдағы уақытта электронды форматта мемлекеттік қызметті алуға мүмкіндік беретін электронды-цифрлы қолтаңба алудың қажеттігі туралы ауыл тұрғындарына түсініктеме береді.
Ауылдық округ әкімінің аппараты ғимаратында әркім өз еркімен электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті техника орналастырылған, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.
2022 жылы жергілікті атқарушы органдарының өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 23 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуға бағытталған іс шаралар.
Округ әкімі, сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына жауапты маман білімін арттыру үшін осы бағытта үнемі қажетті Заңдары, мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен әдістемелік ұсынымдарды оқып білумен айналысады.
3)Мемлекеттік қызмет көрсетуді нормативті құқықтық жетілдіру.
«Май ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа тәуекел, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ішкі талдау жасалады.
2022 жылы жасалған талдаудың нәтижесі бойынша қарама-қайшы қақтығыстар айқындалған емес.
4.Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторингтің нәтижесі.
2022 жылы «Май ауданы Қаратерек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жасалған емес.
5.Мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасын және нәтижесін одан әрі арттыру.
Мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және нәтижесін одан әрі арттыру мақсатында мына бағытта жұмыс жүргізілуде:
- мемлкеттік қызмет көрсетудің мерзімін бұзуға жол бермеу;
- қызметті алушылардың арыз шағымдарын дер кезінде қарау, өтініш жазудың себеп-салдарын тәртіпке келтіру үшін жан-жақты шара қолдануды қамтамасыз ету;
-мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету;
- ақпараттау материалдарын жаңартып отыру, ауылдың ресми интернет-ресурсына мемлекеттік қызмет көрсету ережелерін дер кезінде орналастыру, әлеуметтік желілерге мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен әдіс-тәсілдері туралы мақала жариялау;
- мемлекеттік қызмет көрсетілетін ғимаратта мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолайлы жағдай жасау (пандус, тақталы жолақтар, арнайы сызбалар, кнопка, белгі және т.б.);
- электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі туралы қызметті алушыларды жария таныстыру және хабардар ету үшін іс шараларды өткізу;
- мемлекеттік қызмет көрсетуші қызметкердің біліктілігін арттыру;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңды сақтау мақсатында бақылау шараларын жүргізу.