Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған Май ауданы бойынша 2024-2025 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар бекітілсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау «агроөнеркәсіптік кешенді және бюджет» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.