Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Май ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2020 жылғы 05 маусымдағы № 1-14/224 ұсынысы негізінде, Қазан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданының Қазан ауылдық округі, Кулетов М.К. қарасты «№ 3Бригада» жазғы жайлауы аумағында іріқарамалдан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шектеу іс-шараларыбелгіленсін.
2. «Май ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Май ауданды қаумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау Департаментінің Май аудандық Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оныңалғашқы ресмижарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі қолқойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазан ауылдық округінің әкімі С. Ахметов
«КЕЛІСІЛДІ»
«Май ауданының кәсіпкерлік,
ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Л. Байкежанова
2020 жылғы «__» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы
Министрлігі Ветеринариялық бақылау және
Қадағалау аудандық аумақтық инспекциясы» ММ
Басшысы Н. Жумабаев
2020 жылғы «__» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
Министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау
комитеті Павлодар облысы Тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау департаментінің Май ауданы тауарлар мен
көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін
бақылау басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін атқарушысы М. Камарова
2020 жылғы «__» ________