Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» №4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23–бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 33–бабына сәйкес, Май ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6128 тіркелген, 2018 жылғы 30 қарашада аудандық «Шамшырақ» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
№ 359 сайлау учаскесіндегі «Кызыл Октябрь» деген сөздер «Абай» деген сөзімен ауыстырылсын;
№ 372 сайлау учаскесінде «8 Март бөлімшесі» деген сөздері алынып тасталсын.
2.*Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4.*Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі М. Актаев

Дата публикации
26 июня 2020