Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабы 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 2-тармағына сәйкес, Май ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Май ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 қарашадағы «Май ауданы аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» № 4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6128 болып тіркелген,                     2018 жылғы 30 қарашада аудандық «Шамшырақ» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі                 М.Ақтаев


«КЕЛІСІЛДІ»
Май ауданының
аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы
_____________М.Кишкеналина
2020 жылғы «__» ________


Май ауданы әкімінің
2020 жылғы «___» ______
№ ____ шешіміне
қосымша

№ 352 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Ақшиман ауылы, Ақшиман жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақшиман ауылдық округінің Ақшиман ауылының аумағы.


№ 353 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Ақжар ауылы, Ақжар жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Ақжар ауылының аумағы.


№ 354 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Май ауылы, Май жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Май ауылдық округінің Май және Еңбекші ауылдарының аумақтары.


№ 356 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Майтүбек ауылы, Майтүбек жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Майтүбек ауылының аумағы.

№ 357 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Қызылеңбек ауылы, Қазақстан жалпы орта
 білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Қызылеңбек ауылының аумағы.


№ 358 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Жұмыскер ауылы, Жұмыскер ауылының Мәдениет үйінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қазан ауылдық округінің Жұмыскер ауылының аумағы.


№ 359 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Қызыл Октябрь ауылы, Қызыл Октябрь ауылының ауылдық клубының ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Қызыл Октябрь ауылының аумағы.


№ 360 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Саты ауылы, Саты жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Саты ауылдық округінің Саты ауылының аумағы.


№ 361 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Малайсары ауылы, Малайсары жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Малайсары ауылдық округінің Малайсары ауылының, ферма 1 және ферма 2 аумақтары.


№ 363 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Кеңтүбек ауылы, Жалтыр жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Кеңтүбек ауылдық округінің Кеңтүбек ауылының, ферма 1 және ферма 3 аумақтары.


№ 365 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданының Мәдениет үйінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылы, Қаныш Сәтбаев, Ахмет Байтұрсынов (бұрынғы Набережная), Сұлтанмахмұт Торайғыров, Уақап Сыздықов, Ветстанция, Көктөбе станциясы, Қанаш Қамзин, Қазыбек би, Әлия Молдағұлова, Аманкелді Иманов, Панфилов, Мұхтар Әуезов, Жамсап Байғұрманов, Нұрлыбек Баймұратов, Әліби Жанкелдин, Евней Букетов, Олжас Сүлейменов көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Бестау учаскесі; Көктүбек ауылдық округінің Белогорский ХПП ауылының аумағы.


№ 368 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Баскөл ауылы, Баскөл ауылының Мәдениет үйінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Баскөл ауылдық округінің Баскөл, Бозша және Жаңатілек ауылдарының аумағы.


№ 372 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Қаратерек жалпы орта білім беру мектебінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек және Хасен Сейтқазин ауылдарының, 8 Март бөлімшесінің аумақтары.


№ 375 сайлау учаскесі

Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданының Оқушылар үйінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылы, Абай, Бейбітшілік (бұрынғы Речная), Шоқан Уәлиханов, Мәншүк Мәметова, Ерсін Мұқашев, Асқар Әбдірайымов, Желтоқсан, Сәкен Сейфуллин, Байғабыл Жылқыбаев, Жеңістің 40 жылдығы, Бастем Хазірет, Ғани Мұратбаев, Абылайхан, Төле би, Әйтеке би, Баки Басар көшелері.

Дата публикации
26 июня 2020