Ақжар ауылының әкімі С.М. Құсайыновтың 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Кәсіпкерлік саласы

Ауыл бойынша 22 кәсіпкерлік тұлға тіркелген. Оның 14 жеке кәсіпкерлер, 7 шаруа қожалығы, 1 Ауылшаруашылық өндірістік кооперативі бар. Осы шаруа қожалықтары мал басын өсірумен айналысады.

Биылғы жылы ЖК «Темиргали» және ЖК «Хави» «Игілік» бағдарламасы бойынша кәсіптерін кеңейту мақсатында ірі қарамал сатып алу мақсатында 3,5 млн теңгеден несие алды. «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту » мемлекеттік бағдарламасы бойынша екі адам Яхия Азамат және Болай Шайлат оқу курсынан өтіп сертификат алып жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Олар 2 млн тнг несие алып ІҚМ сатып алды

Тюлекбаев Ербол «Бастау бизнес» оқыту жобасы бойынша материалдық базасын нығайтуға 252500 теңге грант алып 2 сепаратор және 1 ұнтақтағыш сатып алды.

Ауылшаруашылығы саласы

         Малдың түрі

Өлшем бірлігі

Мал саны

01.01.2019 ж.

01.01.2020 ж.

%

Ірі қара мал

Бас

2062

2062

100

Оның ішінде аналығы

Бас

1062

1062

100

Жылқы

Бас

224

224

100

Қой –ешкі

Бас

2478

2478

100

Оның ішінде аналығы

Бас

1065

1065

100

         Малды асылданды 5 шаруашылық қатысады. Асыл тұқымды бұқалар саны 25 бас оның ішінде 14 бас бұқа2019 жылы сатып алынды. Тұқымды асылдандыруға қатысатын аналықтың саны 625 бас. Мал басын асылдандыруға қатысатын аналық бастың арасалмағы 56%-ды құрайды.  

2019 жылы «Рахат»ШҚ асыл тұқымды мал өсіретін щаруашылық статусын алды. 86 бас аналықтың асыл тұқымды статусы бар. 5 бас асыл тұқымды бұқаларын басқа шаруашылықтарға сатты.

-         2019 жылы бойынша «Ағайындылар» ШҚ бір МТЗ-82,1 тракторын КУН-н сатып алды және «Рахат»ШҚ КТП-6 шөп шалғысын сатып алды. Алдағы уақытта «Ынтымақ-Ақжар» АӨК-і және «Ерасыл» ШҚ МТЗ тракторын сатып алуды жоспарлауда.

-         Ауыл бойынша ауылшаруашылығы техникасының саны – 34. Соның ішінде трактор – 18 және 16 тіркеме бар. 2012 жылдан 7 жаңа МТЗ тракторы сатып алынды. Жаңа техниканың үлесі 38% құрайды.

-         Ақжар ауылы бойынша қыстаққа 3832 тонна шөп дайындау қажет, бүгінгі күні 1700 тонна шөп дайындалды бұл, 31 % құрайды.

-         «Жанакова»ШҚ жанынан мал сою алаңы жұмыс істеп тұр.

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және инфрақұрылым

Ауылішілік үш көшенің жолына Абай көшесі, Ж.Жабаев көшесі және Ш.Уәлиханов көшелеріне және ауылға кіреберіс жолды орта жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

Ауылда су құбырының құрылысы жұмысы аяқталды мердігер «Эксперт Строй ЭКСПО» ЖШС. Жоба бойынша барлығы 5566 м. құбыр салынды, оның 4434 метрі ауыл ішінде салынды. Қазіргі таңда 139 абонентке, оның ішінде 133 пәтерге су құбыры үйдің ішіне енгізілді.  

«Транстелеком» АҚ әкімшілік ғимаратына және мектепке кең жолақты интернет желісін орнатты.

Әлеуметтік сала

       2020 жылдың 1-ші қаңтарына жұмыссыздар орталығында тіркеуде тұрғандар 4 адам .

Жыл басынан 9адам қоғамдық жұмыстарға тартылды. Жыл басынан 12 адам жаңа жұмыс орындарына орналастырылды. Олардан 9 адам маусымдық жұмысқа 3 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

         Жыл басынан     бірінші жартыжылдықта 8 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды, олардың 3-і көп балалы отбасылар. Олардың ішінен 2 отбасының табысы асып кетуіне байланысты АӘК тоқтатылды. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған – 89 адам .

Білім беру саласы

          Мектепте 2019-2020-шы оқу жылында барлығы- 84 оқушы,

2019 жылғы барлығы 5 түлек, оның 3- еуі ҰБТ- ға қатысты. ҰБТ қатысқан үш түлектің екеуі «Алтын белгі» иегері атанды. 2019 жылғы ҰБТ нәтижесі орташа-100 ұпай.

Дата публикации
23 июня 2020