Майтүбек ауылы әкімінің м.а. Ә.Қ. Айдаровтың 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

 Аула саны – 156;

   Тұрғындар саны – 505 адам;

   Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 285 адам;

 Зейнеткерлер – 65 адам;

   Оқушылар – 64 бала;

   Мүгедектер – 25 адам;

Бюджет.

Жыл басында бекітілген бюджет қоры 20470,0 теңгені құрайды.

Бюджетті игеру, 2020 жылдың 01 қантарына 100 %игерілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару шоты бойынша жыл басында белгіленген жоспар 1 449,0теңге, ал 12 айында ЖӨБ шотына түскен түсімдер 2003,0 теңгені құрайды, 138,3%

Кәсіпкерлік

Майтүбек ауылы бойынша 26 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде: 18 жеке кәсіпкер, 6 шаруа қожалықтары. Бұдан басқа, 1 АӨК және 1 ЖШС бар.

2019 жылы «Бизнес-Бастау» бағдарламасы бойынша Майтүбек ауылынан 8 адам (Шакиров А., Сарбасов А., Матаева А., Хасанов Д., Баранов В., Баранов Е., Подкенов Е., Подкенов Ж.) оқу курстарынан өтіп, 3 адам Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағытымен жалпы соммасы 6 500,0 теңге көлемінде 3 жеке тұлға, ірі қара аналық басты сатып алу және көбейтуге, 6% үстемесімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» (АШҚҚҚ) АҚ арқылы несие алды. (Шакиров А.-2,5, Сарбасов А.-2, Матаева А.-2,).

Ауылшаруашылық

Мал басының саны: 2020 жылдың 1 қаңтар айында, ірі қара мал – 902 бас, ұсақ мал – 3340 бас, жылқы 661 бас.

Шөп шабу және тасу науқанына 18 таракторы жұмылдырылды (биыл ауылшаруашылық техникасын жаңадан алған жоқ).

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы

Ауыл тұрғындарын ауыз су және техникалық сумен қамтамасыз ету әрбір үйде құдық орнатылған. ҚБМ ауылда орнатылмаған. Алайда, ауыл ішінде жалпы пайдаланымда 3 қауға құдық бар, ауыл тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілген.

Ауыл ішінде жалпы 13 көше жолдары бар, жалпы ұзындығы 9,2км. және кіре-беріс жол ұзындығы 1,8 км. жағдайы қанағаттанарлық.

Ауыл ішіндеге жарықтандыру (модернизация) жалпы 63 шам бар,барлығы есептеуіш 10 құрылғыға қосылған. Жалпы алғанда, ауыл көшелері жарық, ауылдың барлық жерлерін қамтыған. Май аудандық электростанциясының жұмыскері Василевский Алексей Михайлович.

Майтүбек ауылы арқылы күніне екі мезгіл «Павлодар-Курчатов» және Павлодар-Қаратерек» маршруттары жүреді. Ауыл тұрғындары аудан орталыған осы маршруттармен қатынайды.

Денсаулық сақтау саласы

Майтүбек ауылында Медициналық пунт орналасқан, штаттық кесетеге сәйкес 1 медициналық қызметкер және санитарлық қызметкер. Медициналық қызметкердің орны бос.

Ауыл тұрғындарының ауру түрлерінің көрсеткіштері:

№

Ауру түрлері

Адам саны

Ересектер

балалар

1

Жүрек ишемиялық ауруы

6

 

2

Қан кысымның жоғарлығы

28

 

3

Қант диабеты

3

 

4

Өкпе демі кепесі

4

 

5

Созылмалы бронхит

2

 

6

Қан аздық, темір тапшылығы

2

 

7

Қатерлы ісік ауруы

2

 

8

Қан ауру (демофилия)

3

2

9

Құрт ауруы

0

 

10

Туберкулез

0

 

11

Айнаға түскен адамдар саны

143

 

12

Флюкар

65

 

13

Аяғы ауыр әйелдер 2018 жылдын соңында

1

 

Білім беру саласы

Майтүбек ауылы бойынша 380 орынға арналған Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп қызмет атқарады. Мектепте 13 сынып комплект, 64 оқушы білім алуда. Мектеп жанында 25 орынға арналған «Балапан» шағын орталығы жұмыс істеуде.

Оқу процесінде қолданылатын компьютерлер саны-23, оның ішінде біреуі ғана интернет желісіне қосылған. 1 компьютерге 2,5 баладан келеді. Оқушылардың оқулықпен қамтылуы 100 пайыз. Жазғы уақытта ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Мәдениет, мемлекеттік тіл туралы

Майтүбек ауылында 1 ауылдық клуб орналасқан. 12 адамнан құрылған штатымыз бар, оның ішінде 2 мәдениет қызметкері.

Клубта 5 халық шығармашылық ұжымдар жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде, бір Халықтық атағына ие болған «Сударушки» вокалдық топ және «Ақ жаулық» әжелер тобы, «Армандастар» вокал тобы, «Гүлдер» балалар би үйірмесі, «Балбырауын» балалар домбыра үйірмелері бар.

Ауылдық кітапхана

Майтүбек ауылындағы кітапхана қазіргі уақытта әкімдік ғимаратында орналасқан, 3 адам жұмыс істейді. Кітапхананың кітап қоры - 12 577 дана құрайды, оның 8026 данасы қазақ тілінде. Кітапханада 14 адамнан тұратын «Прииртышские Зорки» балалар әдеби-өлкетану клубы бар. Өткен жылда 108 іс-шаралар өткізілді, оның ішінде 51іс-шара балаларға арналған.

Мемлекеттік бағдарламасының "жобасы бойынша Ауыл-Ел бесігі" жоспарланған жұмыстары:

-         Ауыл ішіндегі ағымдағы жол жөндеу жұмыстары (Б. Момышұлы көшесі) 1,4 км;

-         «Майтүбек ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратының жылу жүйесін жөндеу жұмыстары;

-         Майтүбек ауылына кіре берістегі жарықтандыру желісінің құрылысы жұмыстарын жүргізу;

-         Арычная көшесі, тұрғын үйге жөндеу жұмыстары көрсету;

-         Балалар алаңын салу, жобалық смета құжаттарын дайындау;

-         мини футболдық алаңын, жобалық смета құжаттарын әзірлеу.

Дата публикации
23 июня 2020