Аула саны – 196;
Тұрғындар саны – 795 адам;
Еңбекке қабілетті тұрғындар саны – 372 адам;
Зейнеткерлер – 97 адам;
Оқушылар – 113 бала;
Мүгедектер – 21 адам;
Мал шаруашылығы:
- 2019 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал – 2970бас, қой мен ешкі – 7817 бас, жылқы – 1194 бас, құс – 426.
Әлеуметтік нысандар:
- мектеп -2, ауылдық клуб – 1, ауылдық амбулатория – 1, медпункт – 1, дүкен – 4, мал сою алаңы – 1.
Қазан ауылдық округі аумағында - 1 ауылшаруашылық өндірістік кооперативі, 15 шаруа қожалығы, 22кәсіпкер жұмыс істеуде;
- ауыл тұрғындары алдында 2019 жылғы есеп беру жиынында көтерілген ұсыныстар мен өтініштер орындалды, атап айтқанда:
1. Ауыл ішіне автобус аялдамасы салынды
2. Кіре-беріс жолға бағаналар құрылып, жарықтандырылды
Бюджет:
Жыл басынан ауылдық округке 19 млн. 927 мың теңге қаражат бөлінді, қазіргі уақытта барлығы игерілді 99,9 %.
- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар13 отбасы 69 адам;
- селолық округте жыл бойы аз қамтамасыз етілген отбасыларға, тыл еңбеккерлеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, 1-2 топ мүгедектеріне, жалғызбасты зейнеткерлерге, 80 жастан асқан зейнеткерлерге 007 бағдарламасы бойынша материалдық көмек көрсетілуде, сонымен қатар әкімшілік тарапынан мұқтаж отбасыларға ағаш, отын, шөп және азық-түлік пакеттері түрінде көмек көрсетілді.
- жыл басынан тұрақты жаңа жұмыс орнына 12 адам жұмысқа орналасты.
- шағын және орта бизнесті дамыту мақсатындаауылдық округте «2017-2021 жылдарға арналған нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы» бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бірінші бағыты. «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімдік кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша - 3 адам оқып шықты және «Бизнес-бастау» жобасы бойынша оқыған – 12 адам.
Екінші бағыты. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бойынша- 2 адам5,25 теңгеге шағын несие алса, бизнес идеясын дамытуға – 4 адамға 1 млн. 10 мың теңгенің гранты берілді.
Үшінші бағыты. «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына - 4 адам, жастар практикасына – 1 адам, қоғамдық жұмысқа – 12 адам тартылды. Қоныс аударып келушілер – 1 отбасы 3 адам.
-2019 жылғы сәуір айында Жұмыскер ауылында ауыл ішіне су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді, 109 абонент іске қосылып, 67 құдық орнатылды. Осы жұмыстарды мердігер ЖШС «ЖармаҚұрылысГаз» жүргізді және осы жауапкершілігі шектеулі серіктестік ауыл балабақшасына демеушілік көрсетіп 825 мың теңгеге балалар ойын алаңын құрып берді.
Қызыл еңбек ауылына су құбырларын тарту жұмыстарын мердігер ЖШС «СКА АВС» жүргізіп, 21 абонент орнатылды.
-2020 жылғы баспасөз беттеріне жазылу жұмыстары 123% орындалды.
2020 жылға жоспарланған жұмыстар
1. Ж.Тұяқбай, Амангелді және З. Кажкенов көшелеріне, жалпы ұзындығы 2,9 км орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу
2. Мини-футболға арналған жасанды алаң орнату