Малайсары ауылдық округінің әкімі Ж.С. Комашеваның 2019 жылы атқарылған жұмыстарының есеп беру және 2020 жылға арналған жұмыстар туралы баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

Малайсары ауылдық округінің жалпы жер көлемі 123213,0 гектарды құрайды. Селолық округінде орналасқан 3 елді мекендерде 178 жанұяда 756 халық тұрады, оның ішінде Малайсары ауылында 138 жанұяда халық саны 567, № 1 фермасында (Ақсарай бөлімшесі) 29 жанұяда халық саны 125, № 2 фермасында (Жаңасарай бөлімшесі) 11 жанұяда халық саны 64. 178 жанұяның ішінде 48 жанұя меншік мал ұстамайды.
ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Малайсары селолық округі бойынша756 халықтың ішінде еңбекке қабылетті 379, тұрақты жұмыс істейтіндер 178, өзін-өзі қамтығандар 183, зейнеткерлер 98, жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандар саны - 19 адам.
Округі бойынша аз қамтамасыз етілген отбасылар саны 12. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 12 отбасы.
Жыл басынан 9 тұрақты және 2 уақытша жаңа жұмыс орындар ашылып, 11 адам жұмыспен қамтылды.
Малайсары ауылында 624 орынға арналған Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп қызмет атқарады. Мектепте 11 сынып комплект, 114оқушы білім алуда. Мұғалімдер саны - 23 оның ішінде жоғары білімді 23.
Мектеп асханасын Сарсекеев Қуаныш «Жандос» ЖК жалға алып отыр, оқушылардың барлығы ыстық тамақпен қамтылуы 100 пайыз. 36 бала аз қамтылған балалар, бір күндік төлемі 239 теңге құрайды. Мектеп жанындағы интернатта – 16 оқушы /әр оқушыға 593 теңге бөлінген/, күнделікті тасымладанатын оқушы саны – 9. 2019 жылдың 21 қаңтардан бастап демеушілер тарапынан 1-4 сынып оқушылары тегін тамақтануда.
(Жаппай оқыту қорынан тамыз айында 35 күнелту минимумы төмен отбасы балаларына және ата-ананың қарауынсыз қалған 1 балаға мектеп формасымен, аяқ киіммен және оқу құралдарына көмек беріледі. Әр балаға 17 000 теңгеден ақшалай көмек көрсетіледі.)
Малайсары дәрігерлік амбулаториясында жалпы 8 адам қызмет көрсетеді, оның ішінде 1-ші санаттағы 1 дәрігер жоғары білімді, 1-ші санаттағы 3 мед.бибі және 4 жұмысшы. Аксарай бөлімшесінде медициналық пункт қызмет көрсетуде.Сонымен қатар реанимобиль автокөлігі бар.
Есептік кезенде 90 адам күндізгі стационарда емделді.
Селолық округінде мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға әкімішілік, мектеп және мәдениет үйі ғимараттарында пандустар орнатылған.

ІШКІ САЯСАТ

Малайсары мешітінің имамы болып Акрамов Рахат істеуде.
Ауылдық округі бойынша 14 жастан 29 жасқа дейін 113 жастар тіркелуде, оның ішінде 20 адам жағдайларына байланысты округтан тыс жерлерде тұрып, жұмыс істеуде, әскер қатарында 2азамат Отан борышын атқаруда, 31 оқушы, 27 студент, 36 жұмыс істейтіндер, 3 адам өзін-өзі қамтығандар, 2 кәсіпкер.
Теріс ағымдағы дін жолында жүрген жастар анықталған жоқ.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

Есептік кезенге округ бойынша мал басының саны: ірі қара мал – 2802 бас, оның ішінде аналық басы – 1330 бас, ұсақ мал (қой-ешкі) – 4589 бас,оның ішінде аналық басы – 2509 бас, жылқы 1619 бас, оның ішінде аналық басы -709. Құс -720. Ауыл шаруашылық малдарының саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда орындалуы ІҚМ 100,0, қой-ешкі 100,0 жылқы 100,0, құс 100,0 пайызға орындалды. Алынған өнім: оның ішінде ет 130,5,0; сүт 100,0; және жұмыртқа 100,1 пайзға орындалды.
Округ бойынша ірі қара малды тұқымдық түрлендіруге қатысатын 7 шаруа қожалықтарындағы («Арман», «Қанағат», «Мәди», «Аманжолов», «Әндір», «Казангап», «Ерасыл») 484 аналық бастың үлесі 56,2 % құрайды (484/861). 2019 жылы шаруа қожалықтарында малды асылдандырып тұқымдық түрлендіруге 20 бас бұқа және 484 бас аналық сиыр қатысуда.
2019-2020 ж. қыс мерзіміне шартты түрде жоспарланған 3793 бас мал санына 6448 тонна жоспарланды 1 басқа 1,7 тонна тоғайлық шөп (луговое). Нақты дайындалған тоғайлық шөп 6448 тонна 100,0 пайыз.
Қожалықтарымен 14 солнечный панельдер 54020,0 мың теңгеге сатып алынып, 35040,0 мың тенгеге субсидияланды, бүгінгі күні 14 ш/қ орнатылды («Мәди», «Қанағат», «Әндер», «Қазанғап», «Наиль», «Ерасыл», «Сағындық», «Арман», «Дорди», «Мұстафа», «Ғаббас», «Қайсар», «Дорди», «АрТаза»).
Ауылда 243 ауыл шаруашылық техника тіркелген, оның ішінде 53 трактор, оның 52 доңғалақты, 1 шынжыр табан, 52 тіркеме, 1 борона, 34 косилка, 26 тырнауыш, 1 пресс-подборщик, 31 стогомет, 10 лопата, 25 волокуша және 8 жүк көлігі, 2 соқа.
2019 жылы 12 млн. 684 мың теңгеге «Арман» шаруа қожалығымен погрузчик техникасы сатып алынды.
Малайсары селолық округі бойынша 2019 жылы 53 жеке кәсіпкер қызмет атқарып жатыр. Округ бойынша 27 шаруа қожалықтары тіркелген. Сонымен қатар 26жеке кәсіпкерлер қызмет етуде. 1 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі (АШӨК) бар. Оның бағыты ет бағытындағы мал шарушылығы («Малайсары-2» АӨК басшысы Шайхимулдин М.Н. , 21 қатысушыдан құрылған),қызметтерін тоқтатып қойған кәсіпкерлер жоқ.
Мал шаруашылығын дамыту шеңберінде мемлекеттік бағдарламаны дамытуды жүзеге асыру бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының ІІ бағыты бойынша 2019 жылы Малайсары ауылынан 6 адам, Қауан Б., Шарипов К., (250,0 грант) Урюмов Т., Абишева Р., Ергазинов З., Айдаболова А.(505,0 грант)«Бизнес-Бастау» оқу курсын аяқтады.
«Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша екі адам Жазкенова Ә.(505,0 грант) және Жеңіс Е.оқыды.
«Мухамед» ШҚ-ң басшысы Сагындыков Асылан осы «Игілік» бағдарламасы бойынша ірі қара малын өсіру мақсатында 3,0 млн теңге несие алып, 12 ірі қара мал сатып алды. Сыбаға бағдарламасы бойынша қой шаруашылығын дамыту мақсатында «NUR» ШҚ-ң басшысы Нургожин Ербол 5,0 млн. теңгеге несиеге 180 бас қой, «Ғаббас» ШҚ-ы 11,0 млн. теңге несиеге 393 бас қой қой сатып алды.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Малайсары мәдениет үйінде 4 үйірме жұмыс жасап жатыр. Оның ішінде, «Әйгерім» әжелер тобы, «Қыздар – ай» вокалдық тобы, «Құрдастар» үгіт тобы және «балауса» би тобы.
Ақсарай ауылдық клубында 2 үйірме бар, «Замандас» вокал тобы және «Еркем –ай» би тобы.
2019 жылы 28 мәдени іс – шаралар өткізіліп, 1385 көрермендер қатысты.
«Туған жерге тағзым» атты бағдарламасы бойынша демеушілік тарапынан Ақсарай ауылының кіре-беріс стелласы орнатылып мерекелік-спорттық шаралар ұйымдастырылды және Малайсары ауылының 90 жылдығы тойланып, кіре-беріс стелла орнатылды. Мерекелік шарада ауыл шаруашылық техникасының шеру ұйымдастырылып, киіз үйлер құрылды, облыстық, аудандық және ауылдық көркемөнерпаздарымен концерттік бағдарлама және спорттық сайыстар халыққа ұсынылды. Осы шараға 1 мыңнан астам адам қатысты.
Малайсары ауылдық округі бойынша 2 ауылдық кітапхана жұмыс істеуде, Малайсары және Ақсарай ауылдарында.
Малайсары ауылдық кітапханасында есептік кезенде кітап қоры 8547 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 5729 кітап. Бүгінгі күні оқырмандар саны 261 адам, оның ішінде 65 бала. Кітапханаға келушілер саны - 2220 адам оның 1070 бала, орта есеппен келушілер 50 % құрап отыр.
Ақсарай ауылдық кітапханасында кітап қоры 2151 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 1875 кітап.
Есептік кезенінде 56 оқырмандар жазылған, оның ішінде 25 бала, кітапханаға келушілер саны - 45 адам, оның ішінде 25 бала.

СПОРТ САЛАСЫ
Малайсары ауылында 2 спорт кешені орналасқан (мектеп ішіндегі 2 спорт зал). Сонымен қатар 1 қарапайым футбол алаңы бар. Малайсары ауылында жас-өспірімдер спорт мектебінің еркін күрес спорты бойынша филиалы жұмыс істеуде, секцияда 12 бала шұғылданады.
Ауылда 0,5 ставкада спорт жөніндегі әдіскер және 0,5 ставкада жастар жаясаты жөніндегі әдіскер қызмет етуде.
Малайсары халқы салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен жүйелі түрде 252 адам шұғылдануда. Қорытылындай келсек 32,4% құрайды.
2019 жыл басынан армреслинг, шахмат, кір көтеру, еркін күресі, шаңғы, футбол, волейбол түрлері бойынша аудандық және облыстық жарыстарға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болдық. Мүмкіндігі шектеулі адамдарды спортпен қамту мақсатында, оларға арнап (қолайлы) дойбы және шахмат сайыстары ұйымдастырылуда.
Президенттік тест тапсыру бойынша: нәтижелері орташа, нормативтер орындалуда.
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Округ бойынша байланыс жүйесіне 104 абонент тіркелген. Қазақстандық ОТАУ ТВ арнасы 91 үйге орнатылды. Ауылдың мектебі және әкімшілігі опто-волокондық байланыспен қамтамасыз етілуде.
Малайсары селолық округінде 1 пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді. 2020 жылға республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылу жылдың аяғына деійн 100 пайызға орындалды.

ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ, ЖОЛДАР, ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ АБАТТАНДЫРУ
Ауыл тұрғындарын ауыз су және техникалық сумен ауылда КБМ арқылы қамтамасыз етіледі және Ақсарай және Жаңасарай ауылында ауыл ішінде жалпы пайдаланымда 2 құдық бар. Малайсары ауылында комплекстік блок модульде 1 оператор мен 2 күзетші жұмыс атқарады.
КБМ-дегі судың сапасын қадағалап отыру үшін судан анализдер алынып тұрады. Судың сапасы қанағаттанарлық. Бір күнде халыққа 3 тонна су босатылады. 1 литрдің бағасы 50 тиын.
Округте ауыл ішінде жалпы 10 көше жолдары бар, жалпы ұзындығы 10,2 шақ. және кіре-беріс жолдардың (4) ұзындығы 4,9 шақ. жағдайы қанағаттанарлық. 2019 жылдың қыс мезгілінде жолдарды күтіп ұстауға және қардан тазалау жұмыстарына бөлінген 680 мың теңге қаражатқа «Майсервис» КҚММ келісім шартқа отырып, жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар мамыр айында санитарлық-тазалау айлығы барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бөлінген қаражат (707,3 мың теңге) 900 тонна бұрыннан қалыптасқан қоң қоқыс шығарылды (А. Иманов, Достык , Абай көшелерінде).
Ауыл ішіндегі көшелердегі шам жарығын жаңғырту(модернизация) арқылы Малайсары ауылына 69 шам 9 есептеуіш құралға қосылған, Ақсарай және Жаңасарай ауылдарында электр жарығын үнемдегіш 18 шамдар орнатылды
Жергілікті бюджеттен 551,0 теңге қаражат бөлініп, ауыл көшелеріне тегістеу жұмыстары жүргізілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҮНДЕУЛЕРІ
2019 жылы ауылдық әкімдігімен 47 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Жыл басынан жеке түлғалардан 40 өтініштер түсті, оның ішінде 27-і қанағаттандырылды, 13-не түсініктемелер берілді.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІП
Малайсары селолық округінде участкелік полиция инспекторы Мейрам Мухамеджанов 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап қызмет атқарды. 2019 жылдың желтоқсан айынан Байжасаров Саят бастап қызмет етуде.
Өз тарапынан учаскелік инспекторы жыл басынан 16 құқық бұзушылық жөнінде хаттамалар толтырды.
Округ бойынша құқық бұзушылық пен мал ұрлығы тіркелген жоқ.

2020 жылға арналған жұмыс жоспары:
1.Ауылдың ішіндегі иессіз қалған құрылыс орындарын 3,5 мың куб.метр көлемінде шығарып тазалау.
2. Ауылдың ішіндегі 2,5 мың куб.метр көлемінде қон қоқыс шығару.
3. Аубакиров, Достык және Иманов көшелерінің жолдарына орта жөндеу жұмыстарына, кіре-беріс жолын жарықтандыруға және мектеп жанындағы саябағын аббаттандыруға сметалық құжаттамалар әзірлеу.
4.Ауылдың жолдарын тегістеу жұмыстарын жүргізу.
5. Абай көшесіндегі қоршауларды орнату жұмыстарын жалғастыру.
6. Ауыз су беру құбырын әр үйге кіргізілуін қамтамасыз ету.

Дата публикации
23 июня 2020