Бүгінгі күні:
Баcкөл ауылдық округінің жалпы жер көлемі 76 331 га
Оның 44 792 га жайылым,
5894 га шабындық.
Ауылда – 298 жеке аула бар, оның ішінде - 218 мал ұстаса, - 40 аула әр түрлі себептермен мал ұстамайды.
Округ бойынша 1095 адам оның ішінде еңбекке жарамдысы 621 Мемлекеттік мекемеде 187, өзін-өзі қамтыған 236, зейнеткерлер 162, жұмыспен қамту орталығында тұрғандар саны- 33 адам.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап 32 адам қоғамдық, 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Селолық округі бойынша аз қамтылған отбасылар 24. Атаулы әлеуметтік көмек алатындар 15 адам.
Ауыл шаруашылығы. Кәсіпкерлік
Округ бойынша 1 ЖШС (ТОО) 15 шаруа қожалығы мен 18 жеке кәсіпкер жұмыс жасауда.
Осы орайда мал басын көбейтумен қатар тұқымын асылдандыру шаралары жүзеге асуда. Бұл тұрғыда «Ағайын», «Сартай», «Береке», «Баскөл» шаруа қожалықтарының жұмысын атап өтуге болады. Бұл қожалықтар асыл тұқымды бұқаларды республика көлеміндегі «Асыл тұқымды мал шаруашылықтарымен» келісім-шарт арқылы, әр екі жылда ауыстырып отырады.
2019 жылы «Береке», «Мақсат», «Баскөл» ШҚ «Қондырғылы вагонға» қол жеткізіп, жайлаудағы қоныстарына су жүйесін орнатуға мүмкіндік алды.
Етті-сүтті бағыттағы сапалы өнімдері Үкімет тарапынан субсидиялық төлемақымен қамтамасыз етілуде.
Округ бойынша – 10 900 т. шөп дайындалды. Тасымалданғаны - 7500 т, қалған 2500т шөп Ақсу өзенінің мұз өткелі арқылы тасымалдануда.
Ауыл кәсіпкерлерің 2 кафесі, 4 азық-түлік дүкені халыққа қызмет көрсетеді.
Білім саласына келер болсақ. Баскөл ауылының А.Иманов атындағы мектебінде 25 ұстаз еңбек етеді, олардың – 7 жоғары санат, 13 – бірінші және бесеуі екінші санаттағы ұстаздар.
Оқушылар саны – 125, олардың 40 екпінді, 25-і үздік оқиды.
Мектептің қысқы маусымға дайындығы өз деңгейінде, қажетті көмір көлемі жеткізілді.
Бу қазандығына маусым аралық жөндеу жұмыстары жүргізілген. Мектепке Бозша, Жаңа тілек бөлімшелері мен қыстақтардан 30 бала тасымалданады.
Оған екі автобус бөлініп, жанар-жағар майымен қамтылған. Мектеп жанындағы шағын орталықта 44 бала тәрбиеленуде. Орталықтың тәрбиелік жұмысын 6 қызметкер атқарады.
Денсаулық сақтау саласында 6 медициналық қызметкер жұмыс жасайды. 4 Баскөл ауылында және Бозша, Жаңатілек ауылдарында бір бірліктен.
Жыл басынан бастап – 18 нәресте дүниеге келді. Фелдшерлік акушерлік пункт керекті құрал-жабдықтармен қамтылған.
2019 жылы Амбулоториялық емдеу емханасы Жаңа екі пәтерлі жаңа ғимаратқа көшіріліп, халыққа қызмет сапасын жақсартты.
Аулымызда мәдениеттің өркендеуіне үлкен көңіл бөлінуде.
Мәдениет ошағында 5 үйірме жұмыс жасайды, атап айтқанда: «Ақ әжелер» тобы; «Балауса», «Керім-ай» би топтары өнер көрсетеді.
Округ бойынша барлық мемлекеттік мерекелер салтаннатты түрде өткізіліп, концерттік бағдарлама мен қойлымдарға ұласады.
Жаңа жыл шырша мерекесі, 8 Наурыз Халық аралық әйелдер күні, Жыл басы Наурыз, Жеңіс күні мереклері жоғары деңгейде аталып өтті.
Ауылымызда спортпен шұғылдануға барлық жағдайлар жасалған, ауылдың үлкен спорт алаңы, мектептің спорт залы, 2 шағын ойын алаңдары спорттың барлық түрімен айналысуға мүмкіндік береді.
Мектепте спорттық секциялар саны 11, онда 98 оқушы қамтылған. Мектепішілік спорттық сайыстар жиі өткізіліп әр спорт түрінен жеңімпаздар анықталып, аудандық жарыстарға қатысады.
Ауыз су тазартқыш блок модулі халықты сапалы сумен қамтамасыз етуде. Модульдің жұмысын 3 адам қамтамасыз етеді.
2019 жылы, «Қазводхоз» мекемесі, ауылымызда аудандық топтық су құбырын тарту жұмыстарын 100 пайыз орындады. Оған ауылымыздан 10 мерзімді, 2 тұрақты жұмыс орны ашылды.
Құқық саласы. 2019 жылы ауыр қылмыс түрлері тіркелмеді. Жеке мүлік ұрлығы – 2, оның біреуі ізін суытпай ашылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық әрекеті 60 оның 45-не әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды
Округ бойынша көріктендіру, көгалдәндіру жұмыстары оңтайлы шешімін табуда.
Әр жұма сайын тазалық күні, тоқсан сайын жалпы сенбіліктер ұйымдастырылды. Оған барлық мекеме ұжымдары мен ауыл тұрғындары атсалысты.
Шаруа қожалықтары мен «Қаныш Сатпаев атындағы Ертіс-Қарағанды» су арнасының ұжымы өздерінің тракторларымен белсене қатысып тұрады.
«Қамқорлық» айлығы
Мемлекеттік мекеме ұжымдары, жалғыз басты зейнеткерлер мен әлеуметтік әлжуаз топқа жататын тұрғындардың аулаларына қатынап, шаруашылықтарына көмектесті.
6 отбасына 1 шаршы метр ағаш таратылды.
Жыл сайын республика бойыша өтетін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Оған шаруа қожалықтары мен мекеме ұжымдары ат салысып, демеушілік көрсетті.
Округ бойынша байланыс жүйесіне 164 абонент тіркелген. Ғаламтор желісіне – 47 абонент қосылса, оның 12-не тегін модем құрылғысы берілді. Байланыс жүйесін 1 оператор қамтамасыз етеді. Қазақстандық ОТАУ ТВ арнасы 100 үйге орнатылды.
Баскөл селолық округінде 1 пошта бөлімшесі халыққа қызмет көрсетеді.