2019 жылы Май ауданы әкімдігінің жүргізген жұмыстары Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Қазақстан халқына арнаған Жолдауында, «100 нақты қадам. Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет» Ұлт жоспары мен «Бес әлеуметтік бастама» атты Үндеуде белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды.
Жалпы өткен жылы ауданныңнегізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң серпінге қол жеткізілді.
Инвестициялар және қаржылық реттеу
2019 жылы ауданның атқарушы органдары жұмысының негізгі бағыты Май топтық және кентішілік су құбырларын салу бойынша жобаларды сапалы және уақтылы іске асыру болды.Бүгінгі күні қойылған міндеттер толық көлемде орындалды.Жалпы су құбыры нысандарының құрылысына барлық қаржыландыру көздері есебінен 3 266,8 млн. теңге бөлінді.Қазіргі уақытта объектілерді пайдалануға мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілуде.Осы мемлекеттік жобаны іске асыру аясында, 10268 тіркелген адамның 9855 адамы тұратын 15 ауылдық елді мекенді орталықтандырылған сапалы ауыз сумен қамтуды қамтамасыз етеді.
Аудан аумағына инвесторларды тарту жұмыстары жалғасуда.Осылайша, 5 мың бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңы бар мал шаруашылығы кешенін салу бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда.Инвестиция сомасы 910,0млн.теңгені құрайды.Жобамен сондай-ақ ветеринариялық пункттің, мал сою алаңының, үш мал шаруашылығы базаларының және басқа да объектілердің (қазандық, монша, өткізу пункті, мал шаруашылығына арналған үш екі пәтерлі үй) құрылысы қарастырылған.Өткен жылы инвестициялар сомасы 410 млн. теңгені құрады.
Цемент учаскесінде екі пәтерлі үйдің, жазғы ас үй мен қойманың құрылысы аяқталды.Базаның шатыр жұмыстары, көлемі 4000 шаршы метр, сыйымдылығы 600 басқа арналған базаның құрылысы аяқталды. Инвестиция сомасы 160,0 млн. теңгені құрайды.Жалпы 2019 жылғы 1 желтоқсанда негізгі капиталға инвестициялар көлемі 10703,5 млн.теңгені, нақты көлем индексі (НКИ) 180,6%-ды құрады.Бюджеттен тыс инвестициялар (жоспар – 4450,0 млн. теңге).
Ауданда табиғи ресурстарды өндеу бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Өңірде көмір шығарудың екі учаскесі жұмыс істеуде (Қайнама және Жамантұз). Көмір шығарудың жалпы көлемі 558 мың тоннаны құрады.
Аудан бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3606,9 млн. теңгені құрады.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту
2019 жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 11361,2млн.теңгені құрады, нақты көлем индексі – 112,0%,
«Сыбаға» бағдарламасын іске асыру бойынша 202,0 млн. тенге сомасына 327 бас импорттық ірі қара мал жеткізілді. Сондай-ақ 35,8 млн. теңге сомасына 5 шаруа қожалығы несиелендіріліп, 1243 бас ұсаққара мал сатып алынды. Ірі қара мал шаруашылығын дамыту үшін 16 фермерлік қожалық ашылды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасы бойынша субсидия сомасы 122,1 млн .теңгені құрады, оның ішінде:
- асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға - 110,0 млн. теңге;
- мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру бойынша – 12,1млн. теңге.
Өткен жылы өсімдік шаруашылығында 5 млн. 298 мың теңге субсидия алынды.
Май ауданының аумағында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жалпы ауданы 370 га суармалы жер бекітілген.Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жалпы алаңы 6,7 мың га суармалы жерлерді қалпына келтіру және жаңа салу көзделуде. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 8,4 мың га дейін жеткізу жоспарлануда.
Тиімді шағын және орта бизнес
Аудан бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 665бірлікті құрады (тіркелгендер санының 95,2%). Жұмыс істеп тұрғандарының өсу қарқыны 110,5% құрайды.
2019 жылы бөлшек сауда көлемі 4040,4 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі-100,1 %.Сауда желісі 112 дүкеннен құрылған. 11 әлеуметтік бұрыш қызмет етеді. Тұрғындарды жеткізушілерден тікелей алынған ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету үшін ауылшаруашылық жәрмеңкелері өткізіледі. 2019 жылдың басынан облыс орталығында 55,5 млн. теңгеге 30 жәрмеңке, Нұрсұлтан қаласында 12,0 млн. теңгеге 3 жәрмеңке ұйымдастырылды.
Ауданның шағын бизнес субъектілері бизнесті қолдаудың мемлекеттік шараларын белсенді пайдалануда. «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 23,9 млн. теңгеге 2 жоба, «2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамыту» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 17,0 млн. теңгеге 3 жоба мақұлданды. «Қарапайым заттар экономикасы» экономиканың басым секторларын несиелендіру бағдарламасы аясында жалпы сомасы 129,3 млн.теңгеге 13 жоба құрылды.
Гранттық қаржыландыру есебінен Май агротехникалық колледжінің босаған үй-жайларының базасында жиһаз өндіру бойынша шағын индустриялық аймақ құрылды. Жалпы сомасы 9,0 млн.теңгеге 3 жоба іске асырылды.
Бірыңғай тұрғын үй саясаты
Тұрғын үйді іске қосуды 2019 жылға арналған облыстық жоспарға сәйкес Май ауданында тұрғын үйді іске қосу 2500 шаршы метрге жеткізілді. Өткен жылдың 12 айы ішінде тұрғын үйді іске қосу 2 638 шаршы метрді құрады. Жалпы тұрғын үйді іске қосудың болжамды көрсеткіші орындалды.
Осылайша, 2019 жылдың қаңтар-қараша айлары құрылыс жұмыстарының көлемі 5,7 млн.тенгені немесе алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіне 144,0%-ды құрады.
Инфрақұрылымды дамыту
Май ауданының автомобиль жолдарының ұзындығы 405,9 км құрайды, оның ішінде: республикалық маңызы бар автожолдар 146 км, жергілікті маңызы бар автожолдар 259,9 км.
2019 жылы жалпы сомасы 472,96 млн.теңгеге ұзындығы 27,5 км Қаратерек-Қылыш автожолына орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, келісім шарт жасалды.
2020 жылға аудандық маңызы бар автожолдарды күтіп ұстауға 24 262 мың теңге бөлінді. "Ауыл Ел бесігі" бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 513,388 млн.теңгеге 23 жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның ішінде жалпы сомасы 143,0 млн. теңгегеКөктөбе ауылының 6 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 82,5 % құрайды.
Аудан аумағындағы жылу трассасының ұзындығы 4,5 км құрайды,оның ішінде 1,7 км коммуналдық меншікте, 2,8 км бағдарлама әкімшілерінің балансында. Ауданда барлығы 24 қазандық жұмыс істейді, онда 53 қазандық орнатылған.
2019 жылы Көктөбе ауылындағы орталық қазандықтың ұзындығы 0,8 км жылу трассасына жалпы сомасы 12,9 млн.теңгені құрайтын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Қаратерек ауылындағы қазандықты қайта құру" жобасы бойынша 76,93 млн. теңгеге жоба әзірленіп, конкурс жарияланды.
Әлеуметтік көмек көрсету жүйесін одан әрі дамыту
2019 жылдың басынан жаңа форматтық мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 285 отбасына 1334 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 160309,9 мың теңге сомасындамемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленді. Атаулы көмек алушылар ішінен жұмысқа жарамды 129 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы шеңберінде 1444 өтініш берушіге46 млн. 537 000 мың теңге бөлініп толық игерілді.
2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ауданда 441 мүгедек тіркелген (I топтағы –40, II топтағы – 178, III топтағы – 185 мүгедек және 38 мүгедек бала).Үйде оқытылатын мүгедек балалар саны - 6, тоқсан сайын әр балаға 6 айлық есептік көрсеткіш төлемі, жалпы 564,0 мың.теңге төленді.Жеке қызметшінің көмегі жүріп-тұруында қиыншылығы бар 1 топтағы 24 мүгедекке тағайындалып, 5149,0 мың.теңге бөлініп игерілді.
Жыл басынан әкімдіктермен үкіметтік емес үйымдар арқылы 84 адамға, оның ішінде ауылдық әкімдіктер арқылы 59 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді. Сондай-ақ Павлодар облысының «Мөлдір» мугедек әйелдерді әлеуметтік бейімдеу қоғамдық бірлестігі үкіметтік емес ұйымы тарапынан 25 адамға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.
2020 жылдың 1 қаңтарынастатистика мәліметі бойыншаауданда тұратын жалпы халықтың саны 10268 адам, жұмыс күшi –(экономикалық белсенді халықтын саны) – 5503 адам, өз-өзін қамтамасыз ететін халықтын саны 1685, жұмыссыз халықтын жалпы саны 260, ашық еңбек нарығында жұмыссыздық денгейі 4,7 % құрады.
Жаңадан 190жұмыс орын құрылды, оның 112-сі тұрақты.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын жергілікті жерді іске асыру бойынша тиісті шаралар атқарылды.
Бірінші бағыт «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету».
Қысқа мерзімдік курстарға 8,1 млн.теңге сомасына 50 адам оқытылып, 39-ы тұрақты жұмыспен қамтылды.Бастау-бизнес бағдарламасы бойынша кәсіпкерлер негіздеріне оқыту шеңберінде 215 адам оқуды аяқтады.
Екінші бағыт «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту».
Аталған бағыт бойынша 51 адамға188,8 млн.теңгеге несие берілді, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 43 жобаға 130,3 млн.теңге, «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы 8 жобаға 58,5 млн.теңге.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 129 қатысушыға жалпы сомасы 50,4 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 60 адам 100 АЕК көлемінде, 69 адам 200 АЕК көлемінде.
Үшінші бағыт «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту».
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 11,9 млн.теңгебөлінді. Жыл басынан бері әлеуметтік жұмыс орындарына 58 адам жіберілді.
Жастар практикасын ұйымдастыруғабарлығы 20 адамға 7,3 млн.теңге бөлініп, 6 айға жастар практикасын өтуге 28 адам жіберілді.
Жергілікті бюджеттен қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 31,7 млн.теңге бөлініп, 244 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру үшін ауданға 169 адам (150 – қоныс аударушы, 19 – оралман) лимит бөлінді. Бүгінгі күні ауданға 42 отбасы 169 адам көшіп келді, оның ішінде 36 отбасы 150 адам қоныс аударушылар және 6 отбасы 19 адам оралмандар.
Жалпы оралмандар мен еңбек күші артық өңірлерден келген қоныс аударушыларға көшіп келгеніне субсидия төлеу үшін 15,6 млн.теңге бөлінді. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге субсидиятөлеу үшін 25,9 млн.теңге жоспарланып, қоныс аударушылар мен оралмандар тарапынан тұрғын үйді сатып алғаны және жалға алғаны жөнінде 33 келісімшарт жасалды.
Білім беру сапасын жақсарту
2019 жылы аудан бойынша мектептердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында біршама іс атқарылды:
- 13 мектепке 5425,0 мың теңге көлемінде 67 ноутбук сатып алынды. Осылайша мектептердің 1 компьютерге 2,3 оқушы көрсеткішіне жеткенін, яғни, компьютермен жабдықтау көрсеткішінің жақсарғанын атап айтуға болады.
- Ауданның 2 мектебі 7392,0 мың теңге көлемінде физика жаңа модификациялық кабинеттерімен жабдықталды (А.Иманов атындағы лицей мектебі мен Көктөбе орта мектебі).
- 3 мектеп 3223,6 мың теңге көлемінде интерактивтік панелдермен (Көктөбе, Жалтыр және Май ОМ) қамтылды.
- Жаңартылған мазмұнда білім беру бағдарламасы аясында жергілікті бюджеттен 3936,0 мың теңге көлемінде 4 мектеп (Е.Мұқашев және А.Иманова атындағы ОМ, Малайсары, Жалтыр мектептері) роботтехникалық кешендері ардуино бағдарламасымен қамтамасыз етілді.
- Мемлекеттік «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Қаратерек мектебінде балаларға арналған екінші тегін IT кабинеті ашылды.
- 3 «Teacher office» заманауи мұғалімдер кабинеті(А.Иманов атындағы ЛМ, Малайсары ОМ, Қазан ОМ) демеушілік көмегімен ашылды.
- 5 арнайы домбра кабинеттері (Малайсары, Акшиман, Ақжар, Жалтыр, Қаратерек ОМ) қызмет атқара бастады.
2019 жылы білім беру объектілерін жаңа оқу жылына дайындау мақсатында 5 мектепке (Көктөбе ОМ, Қазақстан НМ, А.Иманов атындаңы ЛМ, Малайсары ОМ, Саты НМ) күрделі жөндеу жұмыстары өткізілді. Оған жергілікті бюджет қаражатынан 30282,7 мың теңге жұмсалды.
Малайсары, Май орта мектептеріне 1181,0 мың теңге душ кабинасы мен жуу құралы орнатылды. Сондай ақ Қазан ОМ жуу құралын орнатуға 672,0 мың теңге жұмсалды.
Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2019 жылы мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз етудің 3 көрсеткіші 100% орындалды:
- 3-6 жастағы тәрбиеленушілер мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылды;
- мектепке дейінгі бақша тәрбиеленушілеріне толық күн қызмет көрсетіледі;
- мектепке дейінгі инклюзивтік білім беру қамтамасыз етілді.
2019 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің мектепке дейінгі мамандығы бойынша жоғары және арнайы кәсіби орта білімі бар көрсеткіші 77,8%-ды құрады.
Мектепке дейінгі 5-6 жастағы балалардың білік және білім алу дағдыларының көрсеткіші 87,9%-ға жеткізілді.
Жолдауда көрсетілген міндеттерге сәйкес 2019 жылы аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында 1-4 сынып оқушыларын жаппай тегін тамақтандыру үшін 51556 мың теңге бөлінсе, 2020 жылға 75963 мың теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда.
Медициналық қызметтер сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету
2019 жылдың 12 айы ішінде туберкулезге шалдыққан науқастарға 1 237 250 мың теңге сомасына әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде:
- 7 АЕК көлемінде 29 науқасқа 512 575теңге сомасына біржолғы жәрдемақы.
- 6 АЕК мөлшерінде (15150 тенге) емнің амбулаторлық кезеңінде тамақтануға арналған жәрдемақы және 1 АЕК мөлшерінде (2525) жүріп-тұруға 724 675 мың тенге.
2019 жыл бойынша бала туу көрсеткіші 1000 адамға 132-ні құрады (абсолюттік сан 15,37).
Өлім жітім көрсеткіші 1000 адамға 92-ні құрады (абсолюттік сан 10,71).
Ауданда халықтың табиғи өсу көрсеткіші 1000 адамға 40-ты құрады (абсолюттік сан 4,66).
Осы жылдан бастап өңірімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін толығымен енгізу үшін 2019 жылы тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді.
Бүнінгі күні аудандық ауруханаға тіркелгендер 9641 адамның барлығы сақтандырылған. Жеңілдік санатында – 4602 адам. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 1380.
Әлеуметтік жаңғырту
Мемлекеттік органдардың аудан әкімдігі жанындағы азаматтық сектор өкілдерімен өзара іс - қимылы шеңберінде қоғамдық келісім кеңесі, қоғаммен және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес, жастар саясаты және жастарды патриоттық тәрбиелеу жөніндегі кеңес өз қызметін жүзеге асырады.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттардың бірі қоғамдық кеңес арқылы жүзеге асырылады.
Аудандық мәслихаттың депутаттары белсенді жұмыс атқаруда. 2019 жылы білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық сала объектілеріне шығу арқылы Мемлекеттік бағдарламалар мен бағдарламалық құжаттарды іске асыру мәселелері бойынша 15 маслихат сессиясы өтіп, 62 шешім шығарылып, 13 елді-мекендерге шығулар жүзеге асырылды.
Қазіргі уақытта ауданда 10 мешіт, 2 саяси партия филиалы («Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы және «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы), 6 үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.
Есептік кезеңде мәдениет саласында мәдени-көпшілік жұмыс шеңберінде 847 шара өткізіліп, жалпы 84 844 тұрғын қамтылды.
2019 жылы клуб мекемелеріне 192 миллион 758 мың теңге бөлінді.
Мәдени шараларды өткізу үшін жергілікті бюджеттен 8 миллион 500 мың теңге бөлінсе, 2 миллион 500 мың теңгеге сахна киімдеріне арналды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Май ауданында орналасқан 7 сакралды мекен бойынша жыл бойы насихаттау және ілгерілету шаралары ұйымдастырылды («Қалмаққырған таулары», «Абылай Найза мекені», «Ақбалық Хазірет кесенесі», «Калбасұн мұнарасы», «Бәкі Басар», «Қайса ата кесенесі», «Кемертұз»). Оның ішінде
былтырғы жылы Ақшиман жерінде зерттеу жұмыстары жүргізіліп, халықаралық деңгейде өткізілген «Қалмаққырған» жерін архелогиялық-этографиялық зерттеу» атты ғылымы-практикалық конференцияда тың деректер жарияланды.
Спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл басынан ауданда 8803 адамның қамтуымен 80 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Жалпы Май ауданында жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын адамдар саны 3343, немесе 32,4 % құрайды.
Жастар жылы жылы болып жарияланған жыл аясында «Армандастар» жастар орталығымен жалпы 6000 астам адам қамтылып, 153 шара өткізілді.
Жылдың басынан бастап нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дағдыларына оқыту бағдарламасының «Бизнес Бастау» және «Жас Шебер» жобасы аясында 70 жас азамат оқытылып, 29-ы мемлекеттік грантқа ие болды. 17 адам қысқа мерзімді курстарды аяқтап, жастар тәжірибесіне 27 адам жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарға 12 адам, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 129 жас жұмысқа орналасты.
2009 жылдан бастап ауданымызға «Дипломмен - ауылға!» мемлекеттік бағдарламасы аясында 206 жас маман келді. 2019 жылы аталмыш бағдарламамен жұмысқа 44 маман қабылданды. 2019 жылы ауданға келген 17 жас маманға (12 педагог, 3 медицина қызметкері, 1 спортшы, 1 мәдениет маманы) 58,2 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді.
2019 жылы көтерме жәрдемақы 70 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін ұлғайтылып, 252 500 теңгені құрады. 2019 жылы 32 маман көтерме ақы алды (оның ішінде 23 педагог, 4 медицина қызметкері, 2 мәдениет маманы) жалпы сомасы 8 млн. теңгеге көтермеақы алды.