Көктүбек ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер

 

 

 

Павлодар облысы Май ауданы Белогорье ауылында 1960 жылдың 17 қыркүйегінде дүниеге келді.
1987 жылы «Өндірістік және азамыттық құрылыс» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтының Жезқазғандағы филиалын аяқтады.
Еңбек жолын 1978 жылдың қазан айында «Ақшиман» совхозында "Гүлдәурен" жастар бригадасында жылқышы ретінде бастады, 1979 жылы қараша айында Қарағанды политехникалық институтының Жезқазғандағы филиалына оқуға түсуіне байланысты жұмыстан шығарылды, 1983 жылдың желтоқсанынан 1985 жылдың қазанына дейін Совет Әскері қатарында жауынгерлік міндетін атқарды; 1987 жылдың тамызынан бастап 1989 жылдың тамызына дейін – "Павлодарсельстрой" Трестінің Май ауданыны ЖМК құрылыс учаскісінің мастері; 1990 жылдың қарашасынан бастап 1992 жылдың желтоқсанына дейін – Май ауданының райпотребодағының құрылыс жөніндегі прорабы; 1992 жылдың қарашасынан бастап 1992 жылдың желтоқсанына дейін – Май ауданының техникалық қадағалау жөніндегі маманы; 1992 жылдың желтоқсанынан бастап 1993 жылдың маусымына дейін – Май ауданының бас инженері; 1994 жылдың тамызынан бастап 1995 жылдың қазанына дейін – Ертіс ауданының бас архитекторы; 1995 жылдың қазанына бастап 1997 жылдың қаңтарына дейін -  Ертіс МКСКШ директоры;  1997 жылдың қаңтарынан бастап 1999 жылдың қазанына дейін - «Жанат» ШҚ төрағасы; 1999 жылдың қыркүйегінен бастап 2002 жылдың қаңтарына дейін – түрлі компаниялардың конкурстық басқарушысы; 2004 жылдың сәуірінен бастап 2007 жылдың сәуірінен дейін – аудандық маслихаттың бас маманы; 2007 жылдың сәуірінен бастап 2009 жылдың қаңтарына дейін -  Ақтоғай ауданының «Архитектура және қала құрылысы бөлімі» ММ меңгерушісі; 2009 жылдың қаңтарынан бастап 2012 жылдың сәуіріне дейін – Май ауданының «Құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басқарушысы; 2012 жылдың сәуірінен бастап 2013 жылдың қарашасына дейін - «A&G Enginering» ЖШС бас инженері; 2016 жылдың шілдесінен бастап 2018 жылдың қыркүйегіне дейін – Екібастұз қаласының «Құрылыс бөлімі» ММ басқарушысы; 2018 жылдың қарашасынан бастап 2019 жылдың қарашасына дейін - «Павлодар» ӘКК АҚ Басқару Төрағасының орынбасары; 2019 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясы» АҚ инвестициялар жөніндегі департамент директоры, бас инженер.
ҚР-ның Құрметті құрылысшы.
Үйленген, ұлы бар.

 

 

 

САЙЛАУ АЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Көктөбе ауылына әкіміне үміткер ретінде ауылдың игілігін, ауылдың жағдайын жақсартуды басты мақсатым деп санаймын. Көктөбе ауылдық округіндегі менің жұмысымның негізгі басымдылықтары әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелерді шешу деп есептеймін. Мен өз жұмысымда келесі мәселелерді шешуді жоспарладым:

  1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдай жасау, халықтың жұмыспен қамтылуын және кірісінің өсуін қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал ету.
  2. Мемлекеттік мүлікті, қаржы ресурстарын тиімді және орынды пайдалану.
  3. Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін күш салу: шаруашылық-ауыз суы суқұбырын пайдалану бойынша мекеме құру, жаздық суқұбырын қайта жөндеу.
  4. Ауылды абаттандыру бойынша жұмыстарды күшейту: көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалау және көгалдандыру, тротуарларды және жол белгілерін, көше жолдарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;  қыс мезгілінде қардан және көктем мезгілінде еріген судан көшелерді тазалау, қоқысты шығару. Қоқыс тастау және жануарлардың мәйіттерін жоюға бөлінген жерлердің талаптарға сай болуын жүзеге асыру. Суға шомылатын маусымның басталуына байланысты  жағажайды аббатандыру және қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалау.
  5. Қоғамдық белсенділерімен, депутаттармен, ҒӨБ және волонтерлармен жұмыс.
  6. Ауылдағы шығармашылық және спорттық ұжымдардың әртүрлі іс-шараларға жаппай қатысуын қамтамасыз ету және қолдау көрсету.
  7. Жастар бастамаларын дамытуға көмек көрсету.
  8. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға назар аудару.
  9.  Ауыл тұрғындарының өтініштеріне мұқият болу, мүмкіндігінше олардың мәселелерін шешу, жан-жақты көмек көрсету және ауылдық проблемаларды шешуге қолдау жасау.

Менің бағдарламамның барлық тармақтары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, сондай-ақ, бюджеттің нақты қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келеді.

Дата публикации
23 июня 2020