Көктүбек ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткер

19.06.20

Қанат Болатұлы Жангазинов, 1977 жылы туған, Павлодар облысы Краснокутск ауданының Краснокутск ауылында дүниеге келген, білімі жоғары, 2008 жылы ҚР Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясын "Заңтану"мамандығы бойынша бітірген.
    Еңбек жолын 1999 жылы "Автодор ЛТД" Фирмасы ЖШС газэлектрдәнекерлеуші болып бастады, 2000 жылдан 2016 жылға дейін Май ауданының құқық қорғау органдарында әр түрлі лауазымдарда (учаскелік, тергеуші, инспектор) қызмет атқарды. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Май ауданының білім беру бөлімінің бас маманы.

Сайлау алды бағдарламасы:
-    елді  мекендерде санитарлық тазалау және көріктендіру жұмыстарын ұйымдастыру.
-    жастардың бос уақыттарын ұйымдастыру ;
-    Білім, мәдениет және спорт мәселелерін ауылдастармен бірге шешу.
-    қылмыстың  алдын- алу  іс-шараларын  ұйымдастыру.
-     кіші және орта бизнесті, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл шаруашылықты дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларға ауылдастарды тарту.

Дата публикации
23 июня 2020