Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» № 2464 Конституциялық Заңы 14 бабының 3 және 12 тармақтарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі баскару туралы» № 148 Заңының 36-1 бабына сәйкес, Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 26 мамырдағы № 9 Қаулысы бойынша Май ауданы Көктүбек ауылдық округінің әкімін сайлауы 2020 жылдың 1 шілдеге белгіленді.
1. Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы: Кишкеналина Марина Валиқызы – комиссия төрайымы; Ешмухаметова Шынар Ерғалиқызы – комиссия төрайымының орынбасары; Рахметова Айнұр Жұмагелдіқызы – комиссия хатшысы; комиссия мүшелері: Мукарамова Асия Ерланқызы, Ахметбекова Анаргул Нагметқызы, Кульсаринова Айдана Мырзахметқызы, Галимова Бахытжан Ниязқызы.
2. Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мекен-жайы: Көктөбе ауылы, Айтеке би көшесі, 12 үй (1 қабат) телефон 8 (71838)91213
Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы