"Май ауданының қаржы бөлімі" ММ өз құзыреті шегінде аудандық бюджетті қалыптастыру және орындау саласында функцияларды жүзеге асырады, аудан бюджетін орындау бойынша есеп пен есептілікті жүргізеді, Мемлекеттік сатып алу мониторингін жүргізеді, коммуналдық меншікті есепке алуды жүргізеді.
2019 жылы Май ауданының бюджеті 6 570 638,0 мың теңгені құрады, оның ішінде:
- республикалық бюджеттен 3 193 986,0 мың теңге сомасында трансферттер.
- Ұлттық қордан 83 985,0 мың теңге сомасында қаражат.
- облыстық бюджеттен берілетін трансферттер 495 072,0 мың теңге сомасында.
- жыл басындағы бюджет қаражатының пайдаланылған қалдықтары және негізгі борышты өтеу 30 382,0 мың теңге.
- бюджеттік кредиттер 58 214,0 мың теңге сомасында
- 25 463,0 мың теңге сомасындағы қарыздарды өтеу
- 2 096 447,0 мың теңге сомасындағы субвенция.
- салық түсімдері 570 575,0 мың теңге.
- салықтық емес түсімдер 12 269,0 мың теңге сомасында.
- Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 4 245,0 мың теңге.
Бюджеттің атқарылуы келесі көрсеткіштермен сипатталады.
Кірістер
2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс бөлігі 108,6% орындалды, жоспар бойынша 587 089,0 мың теңге, нақты түскені 637 725,7 мың теңге., түсімдер болжамы 50 636,7 мың теңге асыра орындалды.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсімдер болжамы 66 870,6 мың теңгеге немесе 111,7% артты.
Кіріс бөлігінің атқарылу бюджеттері бөлінісінде былайша тұрады:
Аудандық бюджет.
Бюджеттің кіріс бөлігі 108,7% орындалды, кезеңге жоспар бойынша 572 588,0 мың теңге, нақты түскені 622 377,1 мың теңге, Түсімдердің болжамы 49 789,1 мың теңгеге асыра орындалды.
Көктүбек селолық округінің бюджеті (4 деңгей).
Бюджеттің кіріс бөлігі 105,9% орындалды, 14 501,0 мың теңге кезеңге жоспармен нақты 15 358,3 мың теңге түсті, түсімдер болжамы 857,3 мың теңгеге асыра орындалды.
Шығыстар.
2019 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің шығыс бөлігі 100,0% орындалды, жоспар бойынша 6 731 536,0 мың теңге, игерілгені 6 730 554,4 мың теңге, Бюджеттік қаражаттың игерілмеу сомасы 981,6 мың теңгені құрады.
Шығыс бөлігінің атқарылу бюджеттері бөлінісінде былайша тұрады:
Аудандық бюджет.
Бюджеттік қаражаттардың игерілуі 100,0 пайызды құрады, есепті кезеңге жоспардағы 6 553 509,0 мың теңге кассалық шығыс 6 552 607,0 мың теңгені құрады, бюджеттік қаражаттардың игерілмеу сомасы 902,0 мың теңгені құрады (Мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар).
Көктүбек селолық округінің бюджеті (4 деңгей).
Бюджет қаражатының игерілуі 100,0% құрады, есепті кезеңге жоспар 178 027,0 мың теңге кассалық шығыс 177 947,4 мың теңгені құрады, бюджет қаражатының игерілмеу сомасы 79,6 мың теңгені құрады (шоттардағы қалдықтар).