Тәжірибелік ойын түріндегі «Дауыс беру күні. Дауыстарды санау»
11 наурыз күні учаскелік комиссиялар толық құрамында № 375, 365 аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы М.В.Кишкеналинаның, аудандық аумақтық комиссия мүшелері Мукарамова А.Е., Ташенова М.Қ. бұл іс-шараны сенім білдірген адамдарды, байқаушыларды, БАҚ өкілдерін тіркеу, сырттай сайлау бюллетеньдерімен жұмыс істеу, сайлау куәліктерін беру, дауыстарды санау бойынша жағдаяттарды ойнату арқылы өткізді.

13 наурыз күні №356 учаскелік комиссияның барлық мүшелері аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Дауыс беру күні.Дауыстарды санау» тренингіне қатысты. Сонымен қатар, комиссия хатшысымен қорытынды хаттамалармен жұмыс жасау мәселелері қаралды.

2023 жылғы 14 наурыз күні № 361, 352 учаскелік сайлау комиссиялары 5 адамнан тұратын «Дауыс беру күні. Дауыстарды санау» практикалық ойын –тренинг өткізді.
