Семинар

2023 жылғы 10 ақпан күні Май аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы А.Е.Мукарамова Май аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу бойынша қайталама семинар өткізді.

Семинар барысында кандидаттар мен олардың жұбайлары мәлімдеген активтері мен міндеттемелері туралы ақпараттың дұрыстығы, кандидаттардың сайлау жарнасын төлеуі туралы сұрақтар қосымша қаралды.

 

         Аудандық аумақтық комиссиясының төрайымы Кишкеналина М.В. Май аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарға арналған семинар-кеңес өткізді.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу: кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын мемлекеттік, мемлекеттік емес қаржыландыру, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу нысандары, бұзушылық үшін жауапкершілік туралы түсіндірмелер берілді.

Семинардан кейін кандидаттардың сұрақтарына жауаптар берілді. Барлығы 24 кандидат қатысты.

Дата публикации
17 февраля 2023