2023 жылдың 19 наурыз күні Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Май аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы сайлауға дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуде.
2023 жылғы 21-25 қаңтар күндері аралығында кезектен тыс сайлауды ұйымдастыру мәселелері бойынша округтік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен оқыту семинарлары өткізілді. Іс-шараға комиссия төрағалары, төраға орынбасарлары, хатшылар, комиссия мүшелері қатысты.
Семинар барысында келесі мәселелер қаралды: аумақтық сайлау комиссиялары мен округтік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру, сайлау комиссияларының қызметін реттейтін құқықтық құжаттар, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің ерекшеліктері, округтік сайлау комиссияларының қызметін қажетті құжаттамамен және ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету. Семинар соңында аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс барысында туындаған қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауап берді, әдістемелік нұсқаулармен танысты.
2023 жылдың 2 ақпан күні аудандық «Шамшырақ» газетінің БАҚ өкілдерімен кездесу өтті.Сайлау науқанын жариялауды қамтамасыз ету бойынша міндеттер нақтыланды. БАҚ өкілдеріне сайлау кезінде және сайлаудан кейінгі сайлау үдерістерін көрсету қағидалары таныстырылды. Кездесу барысында қатысушылар сайлауды өткізу, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, БАҚ-ты аккредиттеу үдерісінің ерекшеліктеріне қатысты сұрақтарына жауаптар алды, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
2023 жылғы 7 ақпан күні Май аудандық аумақтық комиссиясының төрайымы Кишкеналина М.В. «Ертіс» жоғары аграрлық колледжінің студенттерімен кездесті.
Кездесу барысында студенттерге сайлау құқығы қандай жаста болатыны, еліміздің сайлау жүйесі, сайлау органдары туралы айтылды, сонымен қатар елімізде кімдердің сайланатыны туралы ақпарат берілді. Студенттер кездесу модераторларына өз сұрақтарын қоя алды.
Аумақтық округтік сайлау комиссиясы іскерлік ойын түрінде учаскелік сайлау комиссияларының құрамын оқытуды жалғастырады, семинарда «Дауыс беру күні» практикасы өтеді.
Шара барысында дауыс беру нәтижелерін анықтау алгоритмдері, сайлауға дайындық кезінде туындауы мүмкін проблемалық мәселелер талқынатын болады.