ЖОБА
Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
«2022-2024 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті туралы»
№2/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті тиісінше 1,2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесікөлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6657635 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 995718 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 48308 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 4203мың теңге;
трансферттер түсімі – 5609406 мың теңге;
2) шығындар – 7378294мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 32089мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 68918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 36829 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо– нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -752748 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 752748 мың теңге.
2) көрсетілген шешімнің 7- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің, Ақжар және Майтүбек ауылдарының бюджеттеріне ағымдағы сипаттағы шығыстарға нысаналы трансферттер 264242мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімніңқосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |