Ыстық күндері – Май ауданының ТЖ бөлімінің қызметкерлеріне өзендер және орман байлықтарының ыстық күндері басталуда. Осыған байланысты осы жердің тұрғындарының және олардың қонақтарының жақсы көріп демалатын орындары әр уақытта ТЖ бойынша Департаментінің құрамының әрқашанда бақылауында болуда. Өткен демалыс күндері гарнизон қызметкерлерімен Ертіс өзенінің жиегіне келіп, демалушылармен суда қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы тақырыбына алдын алу кеңесін өткізді, жадынамалар таратылды, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді.
Суда болу ережесі туралы жадынамалар таратқанда, ТЖ бөлімінің қызметкерлері таныс емес жерлерде суға шомылуға болмайды, ішімдік ішкен жағдайда тіпті су маңайына жолауға болмайды деп кеңес ақыл берді.
«Ешкімнің қарауынсыз қалған суға түсу орындарында демалғанда» су шетінен, ағаштан, суға сүнгуге болмайды. Алысқа малтудан бас тартыңыз, өйткені денеге су өту – осы ең басты қатердің бірі болуы мүмкін деп мамандар үлкендерге және балаларға суда болу ережесін түсіндірді.
Және де олар демалушылардың естеріне салды, суда көптеген ойықтар және суайналымдары бар. Олар көбінесе құмды жерлерде, балалар суға шомылуды жақсы көретін су жиектерінде кездеседі. Офицерлері құрамы ата- аналарға жеке нұсқаулықтар өткізді. Балаларды жалғыз суға жібермеу, оларды суда малтуға үйрету турал айтып, оларға арнайы дайындалған суреті бар жадынамалар таратылды.
Жадынамалар және парақтар тарата жүріп демалушыларға суға шомылу кезінде ішімдіктер ішуге, ескерту белгілеріне мінуге, қайықтан, кемеден, басқа нәрсеге арналған құрылыстан секіруге, көпірден суға сүнгуге тыйым салынғаны туралы айтты.
Осы рейд суда қайғыға ұшырау сатистикасы жоғары болғандықтан өткізілуде. Ереже бойынша оқиғалар құтқарушылар жауапты аумақтардан тыс орындарда болуда және демалушылырдың қагидаларды сақтамаудан жасалған іс - қимыл салдарларынан.
Өздерінің жұмыстарын атқарып жатқан аудан тұрғындары балалар өміріне сақтық шаралары туралы ескертулер жүргізгендері үшін шын жүректен бөлімнің жеке құрамына алғыстарын айтты.
Атап айтсақ, бұл бір күндік науқан емес, осындай шаралар шомылу кезеңінің басынан аяғына дейін өткізіледі.
Бір сөзбен айтқанда: «Ескертілген – қаруланған десек», оған «құтқарылған» деуге де болады!
Май ауданының ТЖБ