Май ауданы әкімнің 2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 1 шешімінен бекітілген
№ 365 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Май ауданы әкімдігінің, Май ауданының мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мәдениет ойын-сауық орталығы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынның ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының Қаныш Сәтбаев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Уақап Сыздықов, Ветстанция, Көктөбе станциясы, Қанаш Қамзин, Қазыбек би, Әлия Молдағұлова, Аманкелді Иманов, Панфилов, Мұхтар Әуезов, Жамсап Байғұрманов, Нұрлыбек Баймұратов, Әліби Жанкелдин, Евней Букетов, Олжас Сүлейменов көшелері; Көктүбек ауылдық округінің Көктөбе ауылының Бестау учаскесі; Көктүбек ауылдық округінің Белогорский ХПП ауылының аумағы.
№ 372 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Қаратерек ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Қаратерек жалпы орта білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек, Хасен Сейтқазин ауылдарының аумақтары.
№ 375 сайлау учаскесі
Сайлау учаскесінің орталығы: Көктөбе ауылы, Павлодар облысының білім беру басқармасы, Май ауданы білім беру бөлімінің «Аудандық оқушылар үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты.
Сайлау учаскесінің шекаралары: Көктүбек ауылдық округі Көктөбе ауылының Абай, Бейбітшілік, Шоқан Уәлиханов, Мәншүк Мәметова, Ерсін Мұқашев, Асқар Әбдірайымов, Желтоқсан, Сәкен Сейфуллин, Байғабыл Жылқыбаев, Жеңістің 40 жылдығы, Бастем Хазірет, Ғани Мұратбаев, Абылайхан, Төле би, Әйтеке би, Баки Басар көшелері.