ЖОБА
Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы «2022-2024 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті туралы» №2/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 6616049 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 992418 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 51606 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 6000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 5566025 мың теңге;
2) шығындар – 7336708 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 31215 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 68918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 37703 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -751874 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 751874 мың теңге.
2) көрсетілген шешімнің 7- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің, Ақжар және Майтүбек ауылдарының бюджеттеріне ағымдағы сипаттағы шығыстарға нысаналы трансферттер 239677 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |