ЖОБА
Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы
«2022-2024 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті туралы»
№2/11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2022-2024 жылдарға арналған Май аудандық бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2022 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 4645636 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 801625 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 48658 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер – 6000 мың теңге;
трансферттер түсімі – 3789353 мың теңге;
2) шығындар – 5366295 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 31215 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 68918 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 37703 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – нөлге тең;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -751874 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 751874 мың теңге.
2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«2. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2022 жылға арналған резерві 4000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
3) көрсетілген шешімнің 7- тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«7. 2022 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің, Ақжар және Майтүбек ауылдарының бюджеттеріне ағымдағы сипаттағы шығыстарға нысаналы трансферттер 224906 мың теңге сомасында қарастырылғаны ескерілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |