«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының деректемелер мен көрнекі ақпарат тілі көрсетілген 21-бабына төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі хабарланады.
ҚР «Тіл туралы» Заңының 21-бабы:
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.
Мемлекеттік емес ұйымдардың ұйымдардың бланкілері мен маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады.
Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.
Заңға енгізілген өзгертулер бойынша қосымша ақпарат үшін Май ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне 8 7056132109 және 91-5-57 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Май ауданының ішкі саясат және
тілдерді дамыту бөлімі