«Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жоба

 

 

 

 

 

 

«Май ауданы әкімінің аппараты»

 мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

 

          Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы                                 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар  мен  олардың  құрылымдық  бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы                                          1 қыркүйектегі № 590  қаулысына сәйкес, Май ауданының әкімдігі                                ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.

2. «Май ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан  Республикасының  нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне қосу үшін  «Қазақстан  Республикасының  Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жолдансын;

            осы қаулыны Май ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын;

осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Май ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Май ауданының әкімі

 

А. Амирин

 

Дата публикации
11 февраля 2022