Мал шаруашылық мекемелеріндегі өрт қауіпсіздік ережелері!

    1. Мал және құс шаруашылық мекемелерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жауапкершілігі мал шаруашылық бөлімдерінің басшыларына жүктеледі. Өрт қауіпсіздік міндеттерін бұзушылықтағы кінәлі адам (тиістіні орындамаған немесе бас тартқан) әкімшілік қылмыстық қазіргі заңға сәйкес жауапкершілік тартады. Мекемелер міндетті түрде өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш, шелектер, күректер, баграмдар, су бөшкелері), байланыс құралы және өртке қарсы қатысушы ережелерінің автоматикалық сәйкестілігі қамтамасыз етілу керек. Әрбір жекеленген мекемелерде өрт қауіпсіздігіне жауапты адам тағайындалады, қызмет етушілер өрт қауіпсіздік шараларымен танысқан және өрт болған кездерді арнайы журнал бетінде белгілейді.
    2. Мал шаруашылық мекемелердің қақпасы мен есіктері сырт жақтан ашылу керек және еш нәрсемен үйіп тасталмауы керек. Қақпа табалдырығында баспалдақ құруға тыйым салынады. Қақпа тек қана жеңіл ашылмалы ілмекке жабуға ғана рұқсат беріледі. Құлыппен жабуға болмайды.
    3. Мекемелерде малға арналған тұрпайы азықтық мөлшері қазіргі нормадан асырылмай  сақталуы керек. Жемшөп жекеленген бөлік немесе мекемеде сақталуы керек. Шатырдағы үйлерде сақтау үшін жанбайтын материалдардан жасалған шатырларды, ағаштан істелген шатырдың жабуын қорғау және ыстық жылытушыны жанғыш балшықпен майлау жуандығы 0,35 м. (немесе жанбайтын жылытушы), шатырдағы электрторының механикалық зақым келуінен сақтауын, 1 м. қашықтықта түтін шығатын пириметрларын қоршауын қарастыру тиісті.
    4. Мал және құс шаруашылығының мекемесін сабаннан, қидан, қоқымнан үнемі тазалау керек. Қыс мезгілінде мекеме қақпасы мен есіктерді ашу үшін қардан тазалану тиіс.
    5. Сүт-азықты фермаларда 20 және одан да көп мол болса міндетті түрде байлаулы ұстау керек.
    6. Мал және құсқа арналған мекемелерде шеберханалар, қоймалар, автокөлік тұрақтар, тракторлар, ауылтехниктерді істеуге рұқсат етілмейді.
    7. Жылытушы құралдар (жылыгенераторлар, электркалориферлер және т.б.) және жанбайтын материалдар жеке тұрған мекемеде оғаш сыртқа шығатын есігі болуы мүмкін. Жылытушы құралдарды міндетті түрде мемлекеттік өрт қауіпсіздік мүшелері рұқсат бергеннен соң құрастыру керек.
    8. Пешті жағуды ұйымдастыру нұсқауланған адамдарға үнемі міндеттелген бақылау, пешті пайдалануға жауаптылар белгіленеді. Жылытатын мерзім алдында барлық пештерді мұқият тексеріп, жөндеу керек. Пештің түтіндігін тазалау кем дегенде айына бір рет жүргізілуі тиіс.
    9. Мал және құс шаруашылық мекемелерінде түнгі уақытта күзетші, бақташы немесе басқа белгіленген адамның бақылауынде болу керек.
    10. Мал және құс мекемелерінде рұқсат етілмейді:
    • жөнделмеген пештерді пайдалануға, жанып жатқан пещтерді қараусыз қалдыруға, пешті бензинмен, керосинмен және басқа жылдам жанғыш сұйық заттармен жағуға болмайды;
    • қатқан құбырларды жылыту және басқа мақсатта өртті ашу (факелді, дәнекерлейтін лампыны және т.б.) үшін қолдануға;
    • керосинді лампыларды жарық түсіру шамы етіп пайдалану;
    • шылым шегу немесе газ құралдарын қолдануға.
    1. «Электрқондырғыларының пайдалану ережесіне» сәйкес жарық беретін және күш беретін электрторларын орындау керек.
    2. Өрт болған жағдайда қызмет етушілер (күзетші) дереу өрт күзетіне хабар беріп, өшіру жұмыстарын және малды эвакуациялауға кірісу керек.
    3. Әрбір мал және құс шаруашылық мекемелерінде мемлекеттік өрт қауіпсіздік шараларының нұсқауы және өрт болған кезде іс-әрекеттер туралы мәліметтер ілулі тұруы керек.

     

     

    Май ауданының ТЖБ

Дата публикации
02 февраля 2022