Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы жер реформасы бойынша Комиссия өткізілді.
Комиссия «орталық-аймақ» қағидаты бойынша заңнамалық тұрғыда жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды бірыңғай сатылы етіп орнатуды ұсынды.
Осыған орай, 2021 жылғы 30 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарынан бастап, жергілікті атқарушы органдардың бағынысындағы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органдары (бұдан әрі – мемлекеттік мекемелер), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетінің (бұдан әрі – Комитет) қарамағына өтті.
Қазіргі уақытта Заңның аталған бөлігін жүзеге асыру мақсатында Комитет тарапынан мынадай іс-шаралар жүзеге асырылуда:
Бұл ретте жоғарыда аталған іс-шаралар тиісті рәсімдерден өтеді және заңнамада белгіленген мерзімде жүзеге асырылады.
Осыған орай және қазіргі уақытта аумақтық департаменттерді құру шараларының жүргізіліп жатқандығын ескере отырып, жеке және заңды тұлғалардан жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау мәселесіне қатысты жергілікті атқарушы органдарға және орталық уәкілетті органдарға түскен арыз, шағымдарын қарау уақытша тоқтатылады.
Департамент құрылғаннан кейін және заңды тұлға ретінде тіркелген соң, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыс жалғасатын болады.