Балық аулау – белсенді демалыстың ең әдемі түрі. Бірақ қармақпен балық аулау кезінде адамды әр түрлі қауіп қатер аңдып тұратынын біраз адам ғана ескереді.
Есте сақтаңыз.
- Мұз үстіне түнгі уақытта және көз көрерлік назар кезде (тұман, қар басу, жаңбыр) әсте шығуға болмайды.
- Өзеннен өту кезінде беріктілігі мықты мұзды өткелдері бар жерден өтіңіз.
- Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексермеңіз.
- Суқоймадағы мұз үстінен мәжбір жағдайда өту керек болса, онда әбден тапталған жолмен немесе шаңғы ізі бар аймақпен өту керек.
- Суқойманың үстінен топ адамдармен өтсеңіз, ара қашықтық бір-біріңізден 5-6 метр болсын.
- Қатқан өзен (көл) мұз бетін шаңғымен өткен дұрыс, бірақ шаңшығын бекітпесін шешіп, керек кезде оларды тез арада шешіп тастауға, шаңғының таяқшаларын қолда ұстаған жөн, таяқшаның ілмегін қолға салмаңыз, қауіп қатер төнген жағдайда олар дереу шешіп тастағанға жеңіл болады.
- Арқа дорбаңыз болса, оны бір иығыңызға тағыңыз, егерде аяқ астыңыздағы мұз ойылып кеткен жағдайда, арқадағы жүктен тез арада арылуға.
- Мұз қатқан суқоймаға шыққанда өзімен бірге бір басы үлкен күңіреген ілгегі бар және жүкті 20-25 метр шіп алу қажет. Жүк шіпті қасындағы суға түсіп кеткен жолдасына лақтыруға, ал ілмек зардап шеккен адамға ңық ұстауға және қолтық астына киіп алғанға ыңғайлы.
- Ата - аналарға өтініш: суқоймадағы мұз үстіне балаларды (балық аулауға, конькимен шаңғы тебуге) үлкендердің қарауынсыз жібермеу.
- Суқоймадағы оқиғалардың ең негізгі себептердің бірі – ішімдікке мас болу. Адамдар қауіп қатерге немқұрайлы ерекет етеді және төтенше жағдай туындаған кезде дәрменсіздікте болады.
Төтенше жағдайлар және әртүргі оқиға туындаған кезде тез арада жедел – құтқару қызметінің «112» «101» телефонына хабарласыңыздар! Қоңырау тәулік бойы қабылданады.