Жұмыскер ауылының учаскелік полиция инспекторы Жүнісов Алмас Нұрланұлы мектеп жиынында балалармен кездесті
Жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыстар қарсаңында Жұмыскер ауылының учаскелік полиция инспекторы Жүнісов Алмас Нұрланұлы мектеп жиынында балалармен кездесті. Алмас Нұрланұлы балаларға каникулда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері: су қоймаларына жақын жерде жүріс-тұрыс ережелері, өрт және электр қауіпсіздігі ережелері, бейтаныс адамдармен араласу ережелері туралы еске салды. Қалада және ауылда жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаңа жылдық мерекелерде пиротехникалық бұйымдарды пайдалану ережелері, сондай-ақ жасөспірімдерге түнгі уақытта көшелерде кәмелетке толмағандардың болуы үшін жауапкершілік, мектепте бөтен мүлікті ұрлаудың алдын алу туралы еске салды. Полиция майоры оқушыларды қысқы демалыстың басталуымен құттықтап, жақсы демалыс тіледі.