Хабарлама
Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы
2021 жылғы 1 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де Май ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "2021 жылғы 12 желтоқсан күні тағайындалған Ақшиман ауылдық округі әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылданды.
Сайлау комиссиясының төрағасы Кишкеналина Марина Валиевна Май ауданының ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы баяндама жасады. Ол 2021 жылғы 1 желтоқсан күні сағат 18.00-дегі жағдай бойынша Май ауданының сайлау комиссиясы Май ауданының Ақшиман ауылдық округі әкімдігіне ұсынылған үш кандидат, екеуінің тіркелгенін хабарлады.
Тіркелгендер қатарында: (100%) ер адам.
Мамандықтар бойынша: 1 (50%) кандадат– заңгер, 1 (50%) кандидат –ауылшаруашылығының маманы.
Үміткерлер арасында: Екеуіде бюджеттік мекемесінің қызметкері.
2021 жылғы 2 желтоқсан күні сағат 18.00-ден бастап Май ауданының Ақшиман ауылдық округі әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 10 желтоқсан күні сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының "бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы" 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес. Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.