Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімінің
«Май-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорның құру туралы
Қазақстан Республикасы Азамматтық кодексінің 43-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 18-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Май ауданының экономикасының нақты секторы бөлімінің «Май-су арнасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК) құрылсын.
- «Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК басқару органы болып белгіленсін.
- «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК қызметінің негізгі мәні халықты сумен жабдықтау бойынша қызметтер көрсету болып белгіленсін.
- Осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген бастапқы құны 2 952 628 624 (екі миллиард тоғыз жүз елу екі миллион алты жүз жиырма сегіз мың алты жүз жиырма төрт) теңге 00 тиын болатын мүлік «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталына салым ретінде берілсін.
- Май ауданы экономикасының нақты секторы бөлімінің «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК Жарғысы бекітілсін.
- «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК жарғылық капиталына салым ретінде берілетін мүлік осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК құру кезеңіне жедел басқару құқығымен «Май ауданының экономиканың нақты секторы» бөлімі мемлекетік мекемесіне берілсін.
- «Май ауданының экономиканың нақты секторы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
- «Май-су арнасы» ШЖҚ МКК-ның заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
- осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 2022 жылдың 1 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Әмірин